Жаздың ең танымал түсі анықталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаздың ең танымал түсі анықталды © vogue.com

Сән сарапшылары 2018 жылдың жазында брендтер мен атақты тұлғалар арасында танымал болған киімнің түсін атады. Бұл туралы Vogue хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сән сарапшылары 2018 жылдың жазында брендтер мен атақты тұлғалар арасында танымал болған киімнің түсін атады. Бұл туралы Vogue хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, жер түстері (Earth colors) немесе қоңыр реңктер, оның қатарында ақшыл сары, күрең және виски мен даршын түсі соңғы уақытта сұранысқа ие және бұл түстерді көптеген киім өндіруші қолданады. Олар жағажайдағы жарқын бикиниді ысырып тастаған.

Сарапшылардың болжауынша, бұл түстер салауатты өмір салтына қызығушылардың саны артқандықтан таңдалды. "Жеңіл, бос көйлек немесе ауылдық гүлді жейде сіздің өмір салтыңызды көрсетеді. Мысалы, бұл жасыл көкөністерді тұтынып, теріге күтім жасайтыныңызды көрсетуі мүмкін", - деп жазады басылым.

Маусымда француз сәнгері Симона Порт Жакмюдің үлкен сабаннан жасалған қалпағы 2018 жылдың жаз маусымының Instagram әлеуметтік желісіндегі ең танымал зат деп аталған. Le Grand Chapeau Bomba атты бас киім күн сәулесінен толық дерлік денені қорғайды. Ол танымал адамдар және олардың оқырмандарының арасында да трендке айналды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети