бойынша жаңалық Бельгия

© express.co.uk Брюссель әуежайында теракт жасағандардың бірінің "өсиеті" табылды Бұл туралы Бельгияның бас прокуроры Фредерик ван Лев мәлімдеді.
24 наурыз 2016
© luqradar.net ДАИШ Еуропада шабуылдар жасауға 400 содырды дайындап отыр Ұйым оларға шабуылдың орнын, уақытын және тәсілдерін өз беттерімен таңдауға мүмкіндік берген.
24 наурыз 2016
© baltnews.lv Брюссель әуежайында теракт жасады делінгендердің аты-жөндері белгілі болды - БАҚ Ағайындылар Ибрагим мен Калим әл Бакрауилер өздерін жарып жіберген, бұл туралы сәрсенбі күні RTBF телерадиокомпаниясы хабарлады.
23 наурыз 2016
© hibault Camus / AP Эйфель мұнарасы Бельгия туының түсіне боялды Берлиндегі Бранденбург қақпасы, БАЭ-дегі биіктігі 828 метр болатын "Бурдж-Халифа" зеңгір үйі, Амстердамдағы корольдік сарай да иллюминация арқылы қолдау білдіріп отыр.
23 наурыз 2016
© Terrormonitor.org Брюссельдегі әуежайда жарылыс жасады делінгендердің суреті жария болды Суретте үш ер адам жүк тиелген арбаны итеріп бара жатыр. Екі күдікті - сол жақтағы және ортадағы.
22 наурыз 2016
© express.co.uk Брюссельдегі терактілерден қаза тапқандар 34-ке жетті БАҚ-тар ДАИШ-тың бұл терактіге жауапкершілік алғанын таратты.
22 наурыз 2016
©news_executive Қазақстан Президенті Бельгияда болған терактілерге байланысты көңіл айтты Қазақстан Президенті Бельгия королі Филиппке Брюссельдегі терактілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
22 наурыз 2016
Әлеуметтік желілерден алынған сурет Брюссельдегі метрода үшінші жарылыс болды Бұл станция АҚШ елшілігінің маңында.
22 наурыз 2016
@Conflicts/Twitter ҚР СІМ Брюссельдегі жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр Айта кетейік, Брюссель халықаралық әуежайында екі бірдей жарылыс болды.
22 наурыз 2016
©news_executive Брюссель әуежайында лаңкес араб тілінде айғайлап, жарылғыш затты іске қосқан Қараша айында Париждегі болған теракт кезінде Брюссельде қатердің төртінші деңгейі енгізілген болатын.
22 наурыз 2016
@jfbxl/Twitter Брюссельдегі метрода жарылыс болды Осыған дейін Брюссельдің әуежайында екі бірдей жарылыс болған еді.
22 наурыз 2016
©news_executive Брюссель әуежайында екі жарылыс болды БАҚ мәліметінше, кем дегенде 10 адам қаза болып, тағы 25-і жарақат алған.
22 наурыз 2016
Георгий Жуков. © ppz.kz "Астана" клубының жартылай қорғаушысы жазаға тартылды Клуб басшылығы ойыншыны әлеуметтік желідегі жазбалары үшін жазалады.
18 қыркүйек 2015
©strangeworlds.at.ua Бельгияда аптаптан бір апта ішінде 410 адам қайтыс болды Мұнымен бірге, осындай ыстықтан көптеген тұрмыс техникасының және банкоматтардың істен шығатыны хабарланды.
02 тамыз 2015
©astanaopera.kz "Астана Опера" театры Бельгиядағы концертін сәтті өткізді Астаналық "Астана Опера" театры Бельгия жерінде өткен концертін сәтті өткізді
05 қараша 2014
©akorda.kz Қазақстан Еуроодақпен бірге ДСҰ-ға мүше болу мәселелерін шешті Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясындағы екіжақты келіссөздерін аяқтау туралы құжатқа қол қойылды.
10 қазан 2014
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов Қазақстан мен ЕО Украинадағы ахуалды реттеуге жәрдемдеседі Қазақстан Президенті мен Жозе Мануэл Баррозудың Бельгиядағы келіссөздерінде Украинадағы ахуал жайлы талқыланды.
09 қазан 2014
Жозе Мануэль Баррозу мен Нұрсұлтан Назарбаев. ©ru.rfi.fr Назарбаев Еуропалық комиссия төрағасымен кездесті Кездесуде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы мәселелер талқыланды.
09 қазан 2014
Фото © РИА Новости Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгияға келді Елбасы сапар аясында осы елдің, сондай-ақ Еуропалық комиссияның басшылығымен бірқатар кездесулер өткізеді.
08 қазан 2014
Александр Винокуров. ©skysports.com Александр Винокуров үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін Бельгия прокуратурасы Александр Винокуров ресейлік спортшы Александр Колобневке пара берді деп айтып жатыр.
22 тамыз 2014

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Батыс Еуропада орналасқан мемлекет
Астанасы: Брюссель
Ірі қалалары: Антверпен, Гент, Шерлеруа, Льеж
Жер көлемі: 30,5 шаршы шақырым
Телефон коды: +32
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+2
Виза: Шенген
Тілі: нидерланд, француз, неміс
Валютасы: еуро
Халқы: 2019 жылы 11,46 миллион адам
Діни сенімдері: католик - 70 пайыз
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: Е. 220 В, 50 Гц

© pixabay.com

Бельгия географиясы мен климаты

Белгия Солтүстік теңізі жағалауына орналасқан. Теңізден соққан дымқыл жел қыста суықты, жазда ыстықты басып, жұмсартып тұрады. Өзендері қатпайды. Қыста күн көбінесе бұлыңғыр, тұманды, жазда қоныр салқын болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жиі жауады.

Теңіз жағалауынан елдің түкпіріне қарай кең жазық созылып жатыр. Оны өзендер мен каналдар жарып өтеді. Олардың өн бойына қаз-қатар терек егілген.

Климаты жыл бойы ылғалды және қоңыржай болып табылады. Ең жоғары орташа температура шілде айында, қаңтар айында ең төменгі температураны көрсетеді. Жазғы орташа температура Арденн жылы, 18-19 градус, шілде айында салыстырмалы салқын болып табылады, шамамен 14 градус. Жылына жауын-шашын 700-900 мм-ден 1250 миллиметрге дейін жауады.

© pixabay.com

Бельгия экономикасы

Бельгия - әлемде индустриясы жоғары дамыған елдердің бірі. Қара металлургия - Бельгия өнеркәсібінің ежелгі салаларының бірі. Химия және электротехника өнімдерін шығару, машина жинау, құрылыс материалдарын дайындау, ағаш өңдеу (жиһаз, қағаз), т.б. дамыған. Орта және ұсақ фермерлі шаруашылықтар негізінен мал шаруашылық өнімдерін береді. Ал астық пен жеміс-жидектер шеттен әкелінеді. Экспортқа автомобиль керек-жарақтарын, химия мен металлургия өнімдерін, тағамдар мен киім-кешек шығарады. Сырттан минералдар, металл бұйымдары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық қауымдастыққа мүше мемлекеттер және АҚШ.

© pixabay.com

Бельгия тарихы

Бельгия жерінде ерте заманда кельттердің белг (елдің атауы осыдан шыққан) тайпалары өмір сүрген. Біздің заманымыздан бұрынғы 57 жылы Рим империясы белгтер елін жаулап алады да, елдің оңтүстік-батыс бөлігінде Бельгика провинциясын құрды, ал III-IV ғасырларда бұл жерге герман тайпалары - франктер, ішінара фриздер мен сакстер көшіп келе бастады.

Бельгия жері V-IX ғасырларда Франк мемлекетінің құрамына кірді де, кейіннен бірнеше графтықтардың құрамына бөлініп кетті. Орналасқан жері қолайлы болғандықтан XII-XIII ғасырларда Еуропаның "шеберханасына" және халықаралық сауданың маңызды торабына айналды.

XVI ғасырда қазіргі Бельгия, Нидерланд, Люксембург жері және Солтүстік Францияның бір бөлігі бірігіп, Нидерланд деп аталды да, 1621 жылы Испанияға қосылды. Испан тағына мұрагерлік үшін болған соғыстың (17011714) нәтижесінде Нидерланд Испаниядан австриялық Габсбургтер әулетіне өтті. 1794 жылы Бельгия Наполеон империясы құрамына еніп, ол құлағаннан кейін, Вена конгресінің (1814-15 жылы) шешімі бойынша Голландиямен бірге Вильгельм І бастаған Нидерландия корольдығына бірікті.

Осы кездерде Бельгияда өнеркәсіп жедел дамыды. Темір жолдар салынып, банктер көптеп ашылды. 1830 жылы жиырма бесінші тамызда Брюссельде Голландия үстемдігіне қарсы көтерілістен соң, қарашаның оны күні ашылған Ұлттық конгресс елдің тәуелсіздігін жариялады.

1831 жылы бірінші қаңтарда Бельгияның мәңгі-бақи бейтараптылығы айқындалды. Сол жылы Ұлттық конгресс қабылдаған конституция елде конституциялық монархия орнатты.

XIX ғасырдың 2-жартысында Бельгия өнеркәсібінде көмір өндіру, темір жол салу зор қарқынмен дамыды. Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-18) кезінде Германия Бельгияға басып кірген соң (1914 жылы 4 тамыз), оның бейтараптығы бұзылып, Антанта жағында соғысты.

1940 жылы оныншы мамырда неміс-фашист армиясы елді тағы басып алып, 1944 жылы қыркүйекке дейін билік жүргізді. Бельгия БҰҰ-на, Солтүстік Атлантика ұйымына (НАТО), Еуропалық қауымдастыққа, Бенилюкс елдер одағына, т.б. халықаралық ұйымдарға мүше. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасты 1992 жылы орнатты.

© pixabay.com

Қазақстандық туристер үшін Бельгия қаншалықты тартымды?

Бельгия туристер арасында аса танымал емес. Себебі, бұл елде жыл бойы жаңбыр жауатындығына байланысты болуы әбден мүмкін.
 
Осыған қарамастан, Еуропа мемлекеті тарихи және архитектуралық көрнекті жерлерге өте бай және табиғи ландшафттары сізді бір көргеннен ғашық етері сөзсіз.

Бельгиядағы отельдер ұқыпты, жайлы, Нидерланды және Люксембургпен бірлесіп қабылданған Benelux Hotel Classification арнайы жүйесі бойынша "жұлдыздар" санаты бар. Қалаларда әлемге әйгілі желілердің сәнді қонақ үйлері де, жеке шағын қонақүйлер де бар, онда сіз жақсы демалып қана қоймай, сонымен қатар жергілікті тағамнан дәм тата аласыз.

Ең арзан бағаны хостелдер ұсынады: Брюссельде - 15 еуродан, Антверпенде - хостел бөлмесі 18 еуродан басталады. Астанасында "бөлме және таңғы ас" қызметімен қонақүйде тұру 50 еуро, Брюггеде - 65 еуро тұрады. Брюссельдегі "бес жұлдызды" екі адамға арналған нөмірлер - 115 еуродан, Гентте - 100 еуродан, Льежде - күніне 210 еуродан басталады.

© pixabay.com

Бельгияға қалай жетуге болады?

Бельгияға билеттің құны жыл мезгіліне, ұшатын қалаға, авиакомпанияға және сатылымға байланысты. Алматы - Брюссель, Нұр-Сұлтан - Брюссель бағыттары арқылы ұша аласыз.

Бельгиядағы көлік қозғалысы

Бельгия қалаларында автобустар мен трамвайлар жүреді, сонымен қатар Брюссель мен Антверпенде метро бар. Қоғамдық көліктер 6:00-0:00 аралығында жұмыс істейді, ал ірі қалаларда түнгі маршруттар жүреді. Брюссельде бір жол жүру құны 2,10 еуро, Антверпенде - 3 еуро тұрады, жиі қатынайтын болсаңыз, толық бір күндік жол жүру билетін алғаныңыз тиімді (1 күнге 5 еуро).

Қоғамдық көліктен басқа такси де бар: автотұрақ барлық жерде орналасқан, сіз көлікке телефон арқылы қоңырау шала аласыз. Жету құны - 2-2,50 еуро, әр шақырым - 1,15 еуродан тұрады.

Велосипедпен жүру ыңғайлы емес: тарихи орталықтардағы жолдарда жиі тас төселген. Егер қатты қаласаңыз, жалға алу құны 2 сағатқа 3 еуро тұрады.

© pixabay.com

Бельгияда қайда баруға болады?

Брюссель - сәулет туындылары шоғырланған керемет қала. Сіз монументалды Корольдік сарайға ақысыз кіре аласыз, кем дегенде бірнеше сағат бойы керемет безендірілген залдар мен бөлмелерді аралап, көруге болады. Гранд Плас Ратушасы - кеш готикалық стильдің көрнекті ғимараты, Ватерлоо маңы - Наполеон мен Веллингтон арасындағы әйгілі шайқастың куәсі. Атомиум монументі мен әйгілі Баланың ескерткішін де тамашалай аласыз.

Ортағасырлық Брюгге қаласы бір мұражай іспетті: тарихи алаңдар, сарайлар мен шіркеулер ғасырлар бойы мызғымас қалпын сақтаған. Қаланың негізгі тарихи жерлері - қашап салынған Belfort мұнарасы, Микеланджелоның мүсіні бар Құдай ананың Шіркеуі, Еуропадағы ең көне Әулие Иоанн ауруханасы және Грютхюзе әсем сарайы т.б.

Брюггенің көптеген экспозициялары бүкіл Бельгиядағыдай гауһар тастармен, шоколадпен, шілтермен және кароп фриімен байланысты.

Гентте ежелгі Вриждагмаркт алаңын, Ван Ойдонк сарайларын, Джералд Ібілісті және Фландрия графтығын көре аласыз. Антверпеннің ең қызықты жерлері - жалаулармен безендірілген қала залы, Стеннің тас қамалы, эклектикалық теміржол вокзалы және көркем өнердің корольдік мұражайы.

© pixabay.com

Бельгия асханасы

Бельгияның асханасында француз және неміс асханасының іздері байқалады. Негізгі тағамдар - ет, теңіз өнімдері, көкөністер мен ірімшіктер, оларды көптеген дәмдеуіштер мен тұздықтар қосып дайындалйды. Дастарханның патшайымы - картоптан жасалған фри: әлемдік фастфудтың басты қазынасын бельгиялықтар ойлап тапты, олар оны мақтан тұтады, өздері көп мөлшерде пайдаланады десе болады.

Бельгияда жүздеген кондитерлік дүкендер ашылған: шоколад, пралине және вафли диета ұстаушыларға тіпті мүмкіндік бермейді. Айтпақшы, вафлидің екі түрі бар: қант текшелері бар дөңгелек Льеж және крем мен жемісі бар тікбұрышты Брюссель вафлилері. Тайланд, вьетнам және қытай мәзірлері бар азиялық мекемелер өте жиі кездеседі.

Елде 10-нан астам мишлен мейрамханалары бар, олар асханалық керемет дәмділермен (әр тағам үшін 50 еуро) гурмандарды қуантады. Сыраны барлық уақытта ескі сыра қайнату зауыттарында дәмін татып көруге болады. Кафеде бір кесек торты бар кофеге 7-10 еуро, түскі ас - бір адамға 15-20 еуро, мейрамханадағы түскі ас - екі адамға 60-70 еуро тұрады.

© pixabay.com

Бельгиядағы қауіпсіздік

Бельгия - өте қауіпсіз ел болып саналады. Туристік аудандарда сіз түнде де алаңсыз жүре аласыз, бірақ Африка мен Таяу Шығыстан келген эмигранттар тұратын этникалық аудандарда жүрмегеніңіз жөн. Қалта ұрылары негізінен, балалар мен жасөспірімдер, олар қоғамдық көліктерде және теміржол вокзалдарында жүреді, Брюссельдің орталығында ерекше сақ болғаныңыз жөн. Льеж, Остенд, Брюгге және Шарлеройда астанамен салыстырғанда әлдеқайда тыныш, бірақ үлкен көлемде ақша, құжаттар мен құнды заттарды қонақүй сейфтеріне тапсырған дұрыс.

© pixabay.com

Бельгиядан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Бельгияның ең танымал сувенирлері - шоколад, вафли және сыра. Тәтті құмарларға таңдау көп: сіз 3 еуроға керемет шоколад плиткасын, 8 еуроға әртүрлі көңілді шоколад фигурасын немесе 25 еуроға бір килограмм дәмді трюфель сатып ала аласыз. Ең қымбат кондитерлік өнімдер - Бельгия тәжінің ресми жеткізушісі Mary Chokolatier фабрикасының өнімдері.

Бельгия сонымен қатар дизайнерлік киімдерімен танымал, жергілікті дизайнерлердің ең жақсы бутиктері Антверпенде шоғырланған. Мұнда сонымен қатар, Еуропадағы жоғары сапалы гауһар тастар мен олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сататын ең үлкен зергерлік шеберхана орналасқан. Брюггеде сіз қолдан жасалған талғампаз шілтерлерге, Гентте - үй сыралары мен жас дизайнерлердің туындыларына назар аударуыңыз керек. Брюссельде сіз осының бәрін бірге сатып ала аласыз, бірақ әлдеқайда қымбат түседі. Брюссельдің негізгі сауда орындары - Рю Нев, Луиз даңғылы және Ватерлоо бульвары.

Бельгия дүкендері 10:00-ден 18:00-ге дейін (жексенбі - демалыс), ірі сауда орталықтары - апта бойы 20:00-21:00 дейін жұмыс істейді. Жеңілдіктер - қаңтар мен шілде айларында 60-70 пайыз дейін болады.

© pixabay.com

Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети