Әбілязов ісіне қатысты адам әлі қашқында жүрӘбілязов қылмыстық тобы ұйымына қатысты Вероника Ефимова қашқында жүр. Ол 2009 жылы Ресейде тұтқындалған, бірақ Еуропадағы адам құқығы жөніндегі сот шешімі бойынша оны Қазақстанға экстрадициялауға жол берілмеген. Қамауда ұстау мерзімі өткеннен кейін Ресей құқық құрылымы еріксіз оны үй қамағында болу туралы үкіммен босатқан. Алайда бұл шартты өрескел бұзған Ефимова Ресейден де ізін суытқан сыңайлы.