бойынша жаңалық Бұзақылық
СТВ телеарнасының операторын Павлодарда біреулер ұрып кетті
Оқиға орнына келген дәрігерлер оның миы шайқалғанын анықтады. Оператор біршама уақытқа есінен айырылған.
12 тамыз 2014
Көлік полициясы пойыздағы жанжал жөнінде түсінік берді
Пойызда үш студент қыз бен сәбиі бар ерлі-зайыпты арасында жанжал болған, қыздар сәбиге ұйқы бермегеннен кейін ұрыс шыққан.
08 тамыз 2014
Қарағанды - Астана пойызында жаппай төбелес болды
Бір топ жас қыз сәбиі бар келіншекке тиісіп, аяусыз ұрып-соққан.
07 тамыз 2014
Әйелдің мұрнын тістеп алған оралдық алты жылға сотталды
Тістелген мұрын үшін сотталушы мемлекет қазынасына 47 361 теңге төлеуі тиіс.
06 тамыз 2014
TengrinewsTV операторына шабуыл жасағандарға айып тағылды
Оларға қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
06 тамыз 2014
Қызылорда облысында бұзақылар көліктерге оқ атқан
Тергеудің нәтижесіне қарағанда, бұзақылық әрекеттің салдарынан екі автокөлікке және бес адамның денсаулығына нұқсан келген.
31 шілде 2014
Бақтияр Артаевқа қатысы бар қылмыстық іс тоқтатылды
Астана қалалық ішкі істер департаменті әзірше бұл жөнінде түсінік берген жоқ.
31 шілде 2014
Шұғыл қызметтерді тексеру үшін автобекеттің жарылатынын хабарлаған
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол материалдық шығын өтейтін болады.
31 шілде 2014
Әдемі сурет үшін көпір аркасының биік тұсына шыққан
17 жастағы екі жасөспірімге қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, Астана қаласы әкімшілік сотына жолданды.
24 шілде 2014
Вандалдар Астананың сулы-нулы гүлзарындағы әшекейлерді қиратты
Гранитті бағандарға орнатылған 10 шар орнына алынып, қиратылған.
15 шілде 2014
Астанада мас ер адам көпір шамдарын сындырды
Ақмола облысының 24 жастағы тұрғыны тоғыз шамды сындырып үлгерген. Ол аумақтық ішкі істер басқармасына жеткізілді.
14 шілде 2014
Астанада көшеде дәрет сындырғандар сотталды
Заң бойынша жұрттың көзінше дәрет сындырғандар 10 күнге дейін қамалады.
10 шілде 2014
Бразилия құрамасының жанкүйерлері бүлік шығарды
Сан-Паулуда бұзақылар, алдын ала мәлімет бойынша, тоғыз автобусты өртеп, бір дүкенді тонаған.
09 шілде 2014
Бақтияр Артаев жанжалға қатысты түсінік берді
"Қыздың ілік іздеп тұрғанын түсіндім де, бірден кетіп қалдым. Ол мас болды", - дейді Артаев.
08 шілде 2014
Ресей футбол одағы ғимаратына мүшеқап жаудырды
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразылық шарасын Мәскеу футбол клубтарының бірінің фанаттары ұйымдастырған.
07 шілде 2014
"Қазақстан-Көкшетау" телеарнасының басшысы жұмыстан шығарылды
Филиал директоры жұмыстан шығуға өз еркімен арыз жазған, басшылар оның кәсіби жұмысына қатысты еш кінә артпайды.
27 маусым 2014
Астанада жалаңаш ер адам автокөліктерді тепкіледі
Жалаңаш ер адам көшеге жүгіріп шығып, кездескен автокөліктерді тепкен.
25 маусым 2014
Ақтөбелік әйелді жолақы үшін ұрып-соққан
Ұсталған ер адам бұрын "Автопарк" ЖШС-де кондуктор болып жұмыс істеген, ол соны пайдаланып, жолақыны төлегісі келмеген.
18 маусым 2014
Әйелдің таяқ жеп жатқаны түсірілген бейнежазба жария болды
Әлеуметтік желі тұтынушысының мәліметінше, бейнежазбадағы оқиға Ақтөбе қаласындағы 25-бағытты автобуста түсірілген.
18 маусым 2014
Ақтөбеде жаппай төбелес кезінде бес адам жарақат алды
Бес адам ауруханаға түсті, олардың кейбірі бассүйек-ми жарақатын алса, енді біріне бытыра тиген, тағы бірқатары пышаққа жығылған.
17 маусым 2014