бойынша жаңалық Жол-көлік оқиғасы

Тепловозға соғылған шағын автобустың жүргізушісі тұтқындалды Қазір Ақсу орталық ауруханасында зардап шеккендердің төртеуі жатыр. Олардың бірі әлі күнге дейін жансақтау бөлімінен шығарылған жоқ.
24 сәуір 2014
Қостанайда автобус мүгедек адамды басып кетті Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеуалды тексеріс жүріп жатыр.
22 сәуір 2014
Тепловоз машинисі жол апатының мән-жайы туралы айтып берді Оның айтуынша, автобус жүргізушісі тепловозды көре тұра, оның дыбыстық дабылына қарамастан, теміржол өткеліне шығып кетті.
18 сәуір 2014
Жол апатынан қаза тапқандардың қатары төртеуге жетті Мұның алдында бір адам оқиға орнында, тағы екі студент ауруханаға келгеннен кейін қайтыс болған еді.
16 сәуір 2014
Павлодарда көлік апатынан сегіз адам зардап шекті Ford Transit шағын автобусы тепловозбен соқтықты. Жол-көлік оқиғасына автобус жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін.
15 сәуір 2014
Әншіге жол-көлік оқиғасы үшін айыппұл салынды Toyota Pradо көлігін айдап келе жатқан әнші "Жол беріңіз" деген белгіні ескермей, өзге көлікті соққан.
14 сәуір 2014
Үш адамды қаққан аудан әкімінің орынбасары жұмысынан кетті Батыс Қазақстан облысында көлігімен үш адамды қағып кеткен аудан әкімінің орынбасары өз еркімен жұмысынан кетті.
09 сәуір 2014
Оралда аудан әкімінің орынбасары көлігімен үш адамды қағып кетті Зардап шеккендер - баласы бар әйел мен бір жас қыз. Жабық бас-ми жарақатын алған әйелдің миы шайқалған.
07 сәуір 2014
Өткен екі айда елімізде 2,5 мың жол-көлік оқиғасы болды 2013 жылғымен салыстырғанда, қаңтар, ақпан айларында жол апаттарының саны 21,2%-ға көбейген.
31 наурыз 2014
Алматы облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды Mitsubishi Lancer жүргізушісі солтүстік бағытпен келе жатып, бұрылыста көлікті басқара алмай қарсы бағыттағы Mercedes-ті соққан.
29 наурыз 2014
Бас прокуратура Үсенов ісіне не себепті араласпағанын түсіндірді Нұрмаханбет Исаевтың айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 67-бабына тиісті өзгертулер әзірленді.
28 наурыз 2014
Астанада "КамАЗ"-ға соғылған Toyota Corolla жүргізушісі қаза тапты Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаға көліктердің арақашықтықты сақтамауы себеп болған.
19 наурыз 2014
Астаналық экс-полицейге 10 жылға дейін жаза берілуі мүмкін Бұған дейін сотталушы кінәсін мойындап, өкініш білдіретінін және марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрайтынын айтқан еді.
19 наурыз 2014
Алматыда екі троллейбус түйісіп қалды Соғылғаннан кейін троллейбустардың бірі жана бастаған, отты жүргізушілердің өзі сөндірді.
14 наурыз 2014
Полиция бейнекамераларға қатысты даулы сұрақтарға жауап берді Егер камера түсірген сәтте автокөлікті басқа адам басқарған болса, көлік иесі әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.
04 наурыз 2014
Жамбыл облысындағы көлік апатына автобус жүргізушісі кінәлі VanHool маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, шағын автобусты соққан.
03 наурыз 2014
Жойқын көлік апатына жол берген полицей мас болған Полицей көше қиылысында аялдаудың орнына бір машинаны соға-моға өтіп кеткен, соғылған көлікте отырған тағы бір полицей қайтыс болды.
28 ақпан 2014
Алматыда көлік соққысынан қыздың денесі бөлшектеніп кетті Көлік қаққан кезде марқұмның сөмкесі ұшып кетіп, қапталда келе жатқан №106 автобустың терезесін сындырды.
26 ақпан 2014
Оңтүстік Қазақстанда 1,5 тонна күкірт қышқылы төгілді Sintuonik автокөлігінің жүргізушісі жүк тасымалдау кезінде рульге ие бола алмай, автоцистернаны аударып алды.
21 ақпан 2014
Мақсат Үсенов блогерлердің үстінен шағымданды Полиция Жетісу аудандық ішкі істер басқармасының бөлімшесіне блогерлердің жеткізілгенін растады, үш блогерден жауап алынып жатыр.
20 ақпан 2014
Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная
Иконка Tengri health