бойынша жаңалық Мексика

Қазақстандық боксшы "Супермен" лақап атымен танылған мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычко (3-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды
09 желтоқсан 2017
© Boxnews Жеңіліп көрмеген WBO чемпионы Головкиннің стилін сынап тастады Екінші орта салмақта жұдырықтасатын WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хильберто "Зурдо" Рамирес (36-0, 24 КО) және оның бапкері Эктор Запари
06 желтоқсан 2017
Мұса Тұрсынғалиев Қазақстандық 20 күн ішінде кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін өткізіп үлгерген 10 қараша күні кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев 20 күн ішінде алты жекпе-жек өткізіп үлгерді.
30 қараша 2017
© Erik Verduzco/ Las Vegas Review-Journal Головкин Мехикоға жасаған сапарынан қандай әсер алғанын айтты WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Мехикоға жасаған сапарынан
23 қараша 2017
Иллюстрациялық сурет © podrobnosti.ua Мексикада ауыл тұрғындары 16 жастағы ұры мен оның достарын қатыгездікпен жазалаған Мексиканың Оахака аймағындағы ауылдардың бірінде жергілікті тұрғындар ұсталып қалған ұрыларды аяусыз жазалаған, - деп хабарлайды РИА Новости.
15 қараша 2017
Мексикада болған жойқын зілзала: Цукерберг 1 миллион доллар аударатынын мәлімдеді Facebook Мексикада болған жойқын зілзаладан зардап шеккендерге 1 миллион доллар бөледі, - деп хабарлайды РИА Новости.
21 қыркүйек 2017
© REUTERS ҚР СІМ Мексикада болған зілзаладан зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр ҚР СІМ Мексикада болған зілзаладан зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
20 қыркүйек 2017
Головкин Мексикадағы жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Мексикада
20 қыркүйек 2017
REUTERS/Carlos Jasso© Мексикада жойқын зілзаладан қаза тапқандардың саны 139-ға жетті Мексикадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны көбейіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости елдің апат-құтқару қызметінің басшысы
20 қыркүйек 2017
REUTERS/Claudia Daut© Мексикада жойқын зілзала болды: 44 адам қаза тапты Мексикада болған жойқын жер сілкінісінен кем дегенде 44 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды РИА Новости елдің апат-құтқару қызметінің басшысы
20 қыркүйек 2017
© REUTERS Мексикада жойқын жер сілкінісі болды Мексика жағалауында магнитудасы 8-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың Геологиялық қызметіне (USGS) сілтеме
08 қыркүйек 2017
© REUTERS/Henry Romero Мексикада адамның бассүйектерінен тұрғызылған мұнара табылды Мексиканың Ұлттық антрапология және тарих институтының қызметкерлері ерлер, әйелдер мен балалардың бассүйектерінен тұрғызылған мұнараны тапты,
04 шілде 2017
© RT.com Конфедерация кубогының жеңімпазы анықталды 3 шілдеге қараған түні футболдан Конфедерация кубогының финалы өтті. Ақтық матчта Чили мен Германия құрамалары кездесті, - деп хабарлайды tvzvezda.ru.
03 шілде 2017
Мұрагерлікке таласқан туыстар бір-бірін өлтіріп тынды Мексикада атадан мұраға қалған байлыққа таласқандар бір-бірін өлтіріп тынды, - деп хабарлайды РИА Новости Мехико штатының полициясына сілтеме
16 маусым 2017
© oem.com.mx Сауль "Канело" Альварестің сүйіктісі жүкті - журнал Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) жақында әке атанады. Бұл туралы TV Notas хабарлайды. 
13 маусым 2017
Ресейлік нәсілшіл блогерді мексикалықтар даулы видеосы үшін өлтіріп тына жаздады Мексиканың Канкун деген курорт қаласының тұрғындары ресейлік блогер Алексей Санкеевті Интернетке жергілікті халықты, оның ішінде әйелдер мен
20 мамыр 2017
Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев WBC International белбеуін жеңіп алды Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев екінші жеңіл салмақ дәрежесінде WBC International белбеуін жеңіп алды. Чемпиондық белбеуді ол бүгін Мексикада
30 сәуір 2017
Мексикада қаланың үстінен ұшып жүрген ұшақтан үш адамды лақтырып жіберді Мексикада Эльдорадо қаласының үстінен ұшып жүрген ұшақтан үш адамды лақтырып жіберді. Куәгерлердің айтуынша, ұшақтан құлағандардың бірі қалалық
13 сәуір 2017
© Ридус Мексикада бір қаланың барлық полицейі ұсталды Қарусыздандыруға полиция қатарына қылмыстық элементтердің еніп кетуі мүмкін деген күдік себеп болған.
15 наурыз 2017
Головкин швейцариялық сағат өндірушілермен жұмыс істей бастады Қазақстандық боксшыға арнап шығарылған сағаттар бастапқыда тек Мексикада сатылады екен.
14 наурыз 2017

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Солтүстік Американың оңтүстік-батысы
Астанасы: Мехико
Ірі қалалары: Мехико, Экатепек-де-Морелос, Тихуана, Пуэбла, Гвадалахара, Сьюдад-Хуарес
Жер көлемі: 1958,2 мың шаршы шақырым
Телефон коды: +52
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -11 сағат
Сағаттық белдеуі: (GMT-5)
Виза: Шенген, АҚШ визасы
Тілі: испан
Валютасы: мексикалық песо
Халқы: 2018 жылы 126,2 миллион адам
Діни сенімдері: христиан
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: 110 В, А, В, 50 Гц

Мексика географиясы мен климаты

Солтүстік Америка құрлығының оңтүстігінде орналасқан Мексика, Орта Америка мемлекеттерінің ішінде ең үлкен аумақты алып жатыр. Юкатан жартыаралы Мексика жерлерінің 12 пайызын құрайды. Мексика Юкатан жартыаралымен бірге Теуантепек қылтасының шығыс жағында орналасқан. Солтүстік жағында АҚШ-пен шекараласады. Шекара ұзындағы 3141 шақырым Оңтүстік жағында Гватемала (871 шақырым) мен Белиз (251 шақырым) орналасқан.

Мексиканың көпшілік бөлігін Мексика таулы қыраты алып жатыр. Мексиканың ең биік жері - Орисабо вулкан шоқысы (5700 метр). Жер қойнауынан түсті металдар (мыс, қорғасын, мырыш, күміс, сынап, сурьма, қалайы, вольфрам, алтын, тағы басқа) мен мұнай, газ, тас көмір, темір, уран өндіріледі.

Мексиканың көпшілік бөлігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік климат белгілері басым. Қаңтардағы орташа температурасы 10 - 20 градусқа дейін жетеді. Шілдедегі орташа температура 15- 30 градус. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстігінде 100 миллиметр батыс пен оңтүстігінде 3000 миллиметрге дейін жетеді. Негізгі ірі өзені - Рио-Браво-дель-Норте, ең үлкен көлі - Чапала. Өсімдіктердің 12 мыңға жуық түрлері кездеседі.

Мексика экономикасы

Мексика - Латын Америкасындағы экономикасы дамыған елдердің бірі. Өнеркәсібінің маңызды салалары - мұнай өңдеу, мұнай химиясы мен түсті металлургия. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді.

Басты ауыл шаруашылық дақылдары жүгері, бидай, күріш, мақта, қант құрағы, кофе, агава, көкөніс, цитрус жемістері, тағы басқа сиыр, қой өсіру дамыған. Экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады.

Негізгі сауда серіктестері - Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия.

Мексика тарихы

Мексика жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастаған. Шамамен б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасынан бастап, Орталық және Оңтүстік Мексикадағы тайпалар отырықшылыққа көшіп, егіншілік, қол өнері, өнер, дін дамыды.
Б.з. бастапқы кезеңінде Орталық Американың солтүстік-батыс бөлігіне майя тайпалары қоныстанды (қара Майя мемлекеті).

XV ғасырда бүкіл орталық Мексиканы өздеріне бағындырған ацтектер Теночтитлан қаласының (қазіргі Мехико) негізін қалады.

1519 жылы Э. Кортес бастаған испан отаршылары Мексикаға ішкерілей еніп, басқыншылық соғыс жүргізе бастады. Куаутемок басшылық еткен үндістер басқыншыларға қарсы табанды қарсылық көрсетті, бірақ 1521 жылы испандар Теночтитланды басып алды. XVI ғасырдың соңына қарай испандар Мексика жерін негізінен бағындырып болды. Байырғы халықтар жерлерінен айырылып, ауыр қанауға, аштыққа ұшырады. 25 миллионға жуық үндістердің 1605 жылы 1 миллионнан астамы ғана қалды.

1624, 1692 жылы Мехикода, 1660 жылы Оахакиде, 1761 жылы Юкатанда, 1767 жылы Мичоаканда үндістердің испан үстемдігіне қарсы ірі көтерілістері болды. Мексиканы отарлау барысында түрлі этникалық топтардың (еуропалықтар, үндістер, Африкадан әкелінген құл-негрлер) араласуы нәтижесінде XVII-XVIII ғасырларда халықтың ортақ тілі мен діні қалыптасты. Отаршыларға қарсы жиі-жиі азаттық қозғалысы болып тұрды. 1810 жылы 16 қаңтарда діни қызметкер М. Идальго мен оның ізбасары Х.М. Морелос бастаған халық көтерілісі болды. Бірақ көтерілісшілер жеңіліске ұшырап, басшылары өлтірілді.

Көтерілістің нәтижесінде А.Итурбиде басқарған ұлт-азаттық күштер 1821 жылы 28 қыркүйекте Мехиконы азат етіп, Мексиканың тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ елде азамат соғысы басталды. 1824 жылы қазан айында конгресс конституция қабылдап, Мексиканы республика деп жариялады. 1833 жылы өкімет басына келген А. Санта-Ана конституцияға тыйым салып, елде диктатура орнатты.

XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап Америка Құрама Штаттары Техасты отарлауға кірісті. 1846 жылы Америка Құрама Штаттары Мексикаға қарсы соғыс жариялады. Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен айырылып қалды.

1855 жылы Санта-Ана диктатурасы құлап, либералдық үкімет билікке келді. 1857 жылы жаңа конституция қабылданды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде ел экономикасы дамыған елдерден көп артта қалды. Экономиканы негізінен шетел капиталы биледі. 1910-17 жылы төңкеріс нәтижесінде елде демократиялық өзгерістер болды. 2-дүниежүзілік соғыс барысында Мексика үкіметі бейтарап саясат ұстанатындығын мәлімдеді. Бірақ фашистік қауіптің күшеюіне байланысты, 1942 жылы мамырда антигитлерлік коалицияның құрамына енді. Соғыстан кейінгі кезеңде Мексикада экономиканы дамыту мен демократиялық бостандықтар, әлеуметтік құқықтарды кеңейту жолында бірқатар прогресшіл шаралар жүзеге асырылды.
2000 жылы Мексикада сайлау өтті, ол Институционалды-революциялық партияның бұрыннан келе жатқан билігін жойды, ПНД өкілі Висенте Фокс жеңді. Бірақ 2012 жылдың 1 шілдесінде ИРП кандидаты - 2012 жылдың 1 желтоқсанында қызметке келген Энрике Пенья Нието қайтадан елдің президенті болып сайланды.

Қазақстандық туристер үшін Мексика несімен тартымды?

Мексика - өзіндік ерекшелікке толы, субтропикалық ормандарға оранған, ежелгі майя иероглифтері сақталған, жұмбақ өркениет іздері қалған, испан, үнді, карибтық мәдениет қалыптастырған мемлекет. Туристер үшін таптырмайтын, қызықты, эжкзоткалық аймақ болып табылады.

Мексика қонақүйлері халықаралық қонақүй стандарттарына сай келеді. Жұлдызды санаттары да стандарттарға сәйкес, бірақ, делюкс қонақүйлері біршама қиындық тудыруы мүмкін. Үйреншікті 4-5 жұлдызды қонақүйден бөлек, Gran Turismo белгісі бар қымбат қонақүйлер мен басқа да жоғары көрсеткішті қонақүйлер де бар. Біріншісінде, қонаққа керектінің бәрі бар, мейрамхана, дүкендер, спа-салондар, гольф алаңы дейсіз бе!? Екіншісінде, эксклюзивке мән береді: жеке меншік дайвинг аралы мен мини-қорық та бар. Турист көңілінен шығудың барлық жолы қарастырылған десе болады.

Мехикода хостелде түнеу бір адамға 105 MXN, үш жұлдызды екі орынды бөлме - 250 MXN, бес жұлдызды қонақүйде түнеу тәулігіне - 1100 MXN тұрады. Канкуне қаласында апартаментте түнеу 400 MXN, төрт жұлдызды қонақүйде түнеу 550 MXN бассейні бар зәулім үйде тұру 1500 MXN-ды құрайды.

Мексикаға қалай жетуге болады?

Нұр-Сұлтан-Мехико, Алматы-Мехико және басқа қалаларына бағыттары бойынша әуе рейстері ұшады. Билет пен тұратын жеріңізді алдын-ала брондау қажет. Тікелей рейстер бағасы қымбат болса, ауысымдық, чартерлік рейстерді қарастыруға болады.

Мексикадағы көлік қозғалысы

Қалалық автобустар (ауданда жол жүру құны 4 MXN) барлық ірі елді мекендерде жүреді және көліктің ыңғайлы түрі болып табылады. Билеттерді арнайы дүңгіршектерде немесе жүргізушіден сатып алуға болады. Мехикода 12 жолдан тұратын метро бар, тариф 5 MXN, билеттер әр станцияда сатылады. Қаладағы көліктің тағы бір түрі - бұл Метробус: орталықты шетімен байланыстыратын 4 жолы бар. Ондағы әр жол жүру құны 10 MXN тұрса, 10 MXN толтырылатын төлем карталар бойынша төленеді. Tren Ligero (4 MXN) және троллейбус (2-5 MXN) жүрдек пойыздары да танымал.

Барлық туристік аймақтарда "песеро" деп аталатын маршрутты таксилер жүреді.. Жол жүру құнының орташа тарифы - 5-10 MXN. Мексика қалаларында таксимен қатынауға болады. Стандарты такси құны 10-20 MXN, әр шақырым-ге 7 MXN, түнде тарифтер 10 пайызға көтеріледіКейбір таксилерде есептеуіш жоқ, сондықтан алдын ала келісіп алған жөн. Күні бойы таксимен жүру құны 1000-1500 MXN-ды құрайды.

Мексикада қайда баруға болады?

Мексика - бұл мәңгілік жаз елі. Көптеген жағажайлар жағалау бойымен созылып жатыр. Олар негізінен құмды, көпшілікке арналған және тегін болып келеді. Тынық мұхиты жағалауындағы ең танымал курорттары - Акапулько, Пуэрто Вальларта және Лос-Кабос.

Акапулько - ең көне курорт. Өткен жылдары бұл бүкіл әлемге белгілі болды, бірақ туристік бизнес және жылдам құрылыс жағалаудағы суларды ластап, қаланы тасқа толтырды. Қазір бұл курортта негізінен мексикалықтар демалады. Олар жақсы дамыған инфрақұрылымды және көңілді түнгі өмірді ұнатады, сонымен қатар, күндіз-түні жұмыс істейтін мейрамханалар, барлар мен дискотекалар да бар. Пуэрто-Валларта курортының шығанағында сіз жыл бойы дельфиндерді тамашалап, қарашадан наурызға дейін киттерді көре аласыз.

Лос Кабос өзінің люксті қонақүйлерімен және бірінші дәрежелі гольф алаңдарымен танымал. Кариб жағалауында ең танымал - Канкун және Ривьера Майя курорттары. Канкун Юкатан түбегінде орналасқан. Жергілікті жағажайлардағы құмы ақ, Мексикадағы ең таза сулы жағажай болып саналады. Көбіне американдықтар демалады. Курорттың жағажайларын 2 аймаққа бөлуге болады, олардың бірі мұхиттан "әйелдер аралы" арқылы бөлінген, сондықтан теңіз салыстырмалы түрде тыныш, ал толқындар аз. Толқынның басқа бөлігінде ешқандай кедергі жоқ. Канкун аумағында көптеген су астындағы ұлттық парктер, сондай-ақ әлемнің ең көрнекті жерлерін қамтитын аквапарк бар.

Мексикада дайвингтің бірнеше түрі бар. Бұл Калифорния түбегіндегі дайвинг-сафари, адамдар кемемен жүріп, мезгіл-мезгіл суға түсіп, Козумель аралының маңындағы су асты ағындарындағы дрифт-дайвинг, сондай-ақ су астындағы үңгірлерде жүзетін дайвинг бар.

Мексикада серфинг негізінен Тынық мұхиты жағалауында жасалады. Ең танымал серфинг орталықтары - Сан-Хосе-дель-Кабо мен Сан-Лукас Кабо, Манзанильо және Пуэрто Эскондио арасындағы жағажайлар болса, виндсерфтердің астанасы болып Лос-Барильес курорты саналады. Сьерра-Мадре таулары шығуға өте ыңғайлы, керемет. Мыс каньоны мен Калифорния штатындағы экспедициялар да өте қызықты.

Орталық Мексика көптеген белсенді жанартауларымен танымал. Турлар олардың кейбірінің шыңдарында ұйымдастырылады. Мехико қаласының жанында 2 жанартау бар - Попокатепетл және Истаксиуатль. Попокатепетл Мексикадағы екінші биік нүкте (5452 метр) және оның шыңы қармен көмкерілген. Ұлттық саябақтағы осы атты Невадо жанартауы бар. Мексикадағы ең белсенді жанартау Колима жанартауы болып саналады.

Мексика асханасы

Мексика асханасында жергілікті американдық аспаздық дәстүрлер мен классикалық еуропалық тағамдар бар. Негізгі көкөніс - жүгері, ол әр түрлі формада қолданылады. Жүгеріден дайындалатын ең танымал тағамдар - бұл тако, тұздалған жүгері жармасы, көмірмен пісірілген жүгері тортилласы, какао қосылған қуырылған жүгері ұнының қоспасы, жүгері ұнының тартилласы, буға піскен жүгері ұнынан қамыр, тұздық - тамалалар, түрлі қоспалары бар бәліштер, начос, кесадилья, тостадос және чимичангтар.

Бұршақ, саңырауқұлақ, пияз және қызанақ өте көп мөлшерде қолданылады. Біріншісі, әдетте, теңіз өнімдерімен, бұршақ дақылдарымен және дәмдеуіштермен бірге беріледі. Тіскебасар ретінде көбінесе жеміс-жидек пен тәтті тағамдар ұсынылады. Олар - тәтті патша наны, оның негізі кептірілген жемістермен, қуырылған қант қамысы, түрлі кондитер өнімдері, жүгеріден жасалған суфле, қаймақ қосылған манго т.б.

Мексикадағы қауіпсіздік

Мексикаға барған кезде арнайы егулер қажет емес, дегенмен сіз безгек пен гепатиттің алдын алу үшін алдын-ала вакцинация ала аласыз. Елде сақтық шараларын сақтау керек: өңделген тағамдарды, пастерленген сүтті және бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ішу керек.

Адам көп жиналатын жерлерде қалта ұрыларынан сақ болу керек, ал қалада қатынау үшін тек ресми тіркелген таксилерді пайдаланыңыз (жасыл көліктер онша сенімді емес). Балалар мен әйелдерді мүмкіндігінше қорғау үшін ірі қалаларда қызғылт такси қызметтері бар: көлік тек әйел адамдар жүргізеді, салонда құтқарушыларға жедел қоңырау шалу батырмасы бар, ер адамдарға тыйым салынады.

Жақын маңдағы қонақүйлер мен сауда орталықтарында жүргізушілер ағылшын тілінде сөйлейтін және жол бойында шағын экскурсиялар өткізетін арнайы туристік таксилер кезекшілік етеді.

Мексикадан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Мексикадан кәдесый ретінде текила, күміс зергерлік бұйымдар, керамика, тоқылған төсек жапқыштар, кактус кәмпиттері, түрлі-түсті гамактар әкелінеді. Үндістердің қолөнеріне назар аударған жөн: кесте, ағаш кесу, суреттер мен салттық маскалар. Галереялар әйгілі мексикалық суретшілердің, соның ішінде Фрида Калло мен Диего Ривьераның суреттерінің көшірмелері мен репродукцияларын сатады.

Жергілікті өндірілген тауарлардың барлығы жыл бойы тұрақты бағамен сатылады, бұған әлемге әйгілі брендті өнімдер кірмейді, әрине, олар Жаңа жылдан кейін және жаздың соңында сауда орталықтарында айтарлықтай жеңілдіктер ұсынады.

Дүкендер 9:00-10:00-ден 20:00-22:00-ге дейін жұмыс істейді, 13:00-ден 16:00-ге дейін қалада барлығы сиестаға жабылады, жексенбі - демалыс күні. Сауда орталықтары көбінесе Мехикода шоғырланған.

Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети