Мемлекет басшысы өңірде мұнай өндірісімен байланысты емес салаларды, атап айтқанда, логистика, транзит, сервистік қызмет және туризмді дамыту қажеттігін айтты.
ҚР Президенті "Биыл біз бұл мерекені алғаш рет атап өткелі отырмыз. Еліміз «Қазақстан 2050» стратегиясының негізгі тұғыры – Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру жолында сеніммен алға басып келеді", - деді өз сөзінде.
Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонга Астанаға 24 қыркүйекте келді. Олар Team Kazakhstan академиясында тәрбиеленуші қазақстандық жас теннисшілер үшін мастер-класс өткізді.
Елбасы 2 қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында сенімхат арқылы көлік басқару тәртібін алып тастауды және көлік жүргізушісі куәлігін аларда талап етілетін құжаттарды азайтуды тапсырған.