бойынша жаңалық Португалия

Үш баласымен түскен суретін жариялаған Криштиану Роналду жұртты тәнті етті Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram, Twitter және Facebook желілерінде егіз балаларымен
05 шілде 2017
© RT.com Конфедерация кубогының жеңімпазы анықталды 3 шілдеге қараған түні футболдан Конфедерация кубогының финалы өтті. Ақтық матчта Чили мен Германия құрамалары кездесті, - деп хабарлайды tvzvezda.ru.
03 шілде 2017
Дәрігерлер ота кезінде футбол қараған Чили университетіне қарасты клиникалық госпиталінің дәрігерлер бригадасына қатысты тексеріс басталды, - деп хабарлайды РИА Новости. 
30 маусым 2017
© twitter.com/Cristiano Криштиану Роналду егіз баласын көрсетті Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду егіз баласын көрсетті, - деп хабарлайды LIFE.ru. 
30 маусым 2017
Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанды - телеарна Мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанды, оған балаларды суррогат ата босанып берген. Бұл туралы Португалияның SIC
11 маусым 2017
© Techmash Португалия Кубогының финалында допты дрон мінген адам әуеден жеткізді Португалия Кубогының финалында допты дрон мінген адам әуемен жеткізді, - деп хабарлайды РИА Новости.
29 мамыр 2017
видеодан үзінді Португалияда ұшақ апатынан бес адам қаза тапты Португалияның астанасы Лиссабон қаласының маңында жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Reuters. Оның бортында болған төрт адам
17 сәуір 2017
Криштиану Роналду
© Daniel Ochoa de Olza / AP Роналду қыз зорлады деген айыптауға жауап берді Футболшы Криштиану Роналду немістің Der Spiegel журналындағы айыптауларға жауап берді. Басылымда футболшы 2010 жылы қыз зорлады деп айыпталып,
15 сәуір 2017
REUTERS/Rafael Marchante© Роналдудың "үрейлі" мүсіні мазаққа ұшырады Қолданушылар мүсіннің "Реал" шабуылшысына ұқсамайтынын айтып, фотоколлаждар жариялап жатыр.
30 наурыз 2017
© Twitter.com/francefootball Криштиану Роналду "Алтын доп" жүлдесін төртінші мәрте жеңіп алды Осылайша ол France Football француз журналының тұжырымы бойынша жылдың үздік футболшысы атанды.
13 желтоқсан 2016
© football.ua Футболмен 41 жасымда қоштасуды көздеймін - Роналду Атақты футболшы командасымен бірге Испания чемпионаты мен Кубогын жеңіп алғысы келетінін айтты.
28 тамыз 2016
 © Instagram Криштиану Роналду Криштиану Роналду Конор МакГрегормен рингте кездесті МакГрегор мен Диас арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста 20 тамызда өтеді.
25 шілде 2016
Видеодан алынған кадр Желіде португалиялық бала мен франциялық команданың жанкүйері түсірілген әсерлі видео пайда болды Айта кетейік, Роналду бірінші таймның ортасында жарақат алған еді. Осыдан кейін ол көз жасына ерік беріп, алаңнан шығуға мәжбүр болды.
11 шілде 2016
Роналдуды жарақаттаған Пайеге айтылған жүздеген мың қарғыс Instagram желісін дүр сілкіндірді Бұған Пайе мен Криштиану Роналдудың Евро-2016 финалындағы допқа таласы себеп болды.
11 шілде 2016
Жарақат алған Криштиану Роналду уайымдап тұрған сәт. © UEFA Роналдудың көз жасы мен Эдердің голы: Португалия құрамасы тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды Финалда португалдар турнир қожайындары Франция құрамасын 1:0 есебімен жеңді.
11 шілде 2016
© Tengrinews.kz Португалияда қайтыс болған әйел 4 айдан кейін дүниеге нәресте әкелді Ақпан айында нәрестенің анасының миына қан құйылып кеткен екен.
09 маусым 2016
© facebook.com/navegadormensal Көктен түскен "отты қол" тұрғындардың зәресін алды Қолға ұқсайтын бұлтты интернет қолданушылары "Құдайдың отты қолы" деп те атап кетті.
31 қаңтар 2016
"Астана" - "Бенфика" матчының ең үздік ойыншылары аталды Матч 25 қараша күні Астана қаласында болды.
26 қараша 2015
Эдуард Қабдешев, Кирилл Литвинов пен бапкер Александр Литвинов. © azh.kz Атыраулық 13 жастағы жігіт әлемдік үш рекорд орнатты Чемпионатқа 36 елден 400-ден аса атлет қатысты.
25 қараша 2015
"Астана" Чемпиондар лигасының матчында "Бенфика" клубынан жеңілді Лиссабонның "Эштадиу да Луш" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен португалиялық клубтың пайдасына шешілді
16 қыркүйек 2015

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде орналасқан мемлекет
Астанасы: Лиссабон
Ірі қалалары: Порту, Минью, Авейру, Коимбра, Алгарве, Визеу
Жер көлемі: 92 225 шаршы шақырым
Телефон коды: +351
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -5 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+1
Виза: шенген
Тілі: португал тілі (испан тіліне ұқсас)
Валютасы: еуро
Халқы: 2019 жылы 10,28 миллион, португалдар - 87 пайыз
Діни сенімдері: христиан (90 пайыз)
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: С, F (Қазақстандыкімен бірдей) 50 Гц.

© pixabay.com

Португалияның географиясы мен климаты

Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр. Солтүстігі мен шығысында Испаниямен шектеседі, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Атлант мұхиты жағалауы негізінен ойпатты, құмды, аз тілімделген. Елдің солтүстік бөлігінде Месета таулы қыраты (ең биік жері - 1991 метр, Серра-да-Эштрела), Тежу өзенінің оңтүстігіне қарай Португалия ойпаты, оңтүстік шетінде Серра-да-Алгарви аласа таулы өлке (биіктігі 902 метрге дейін) жатыр.

Климаты субтропиктік, жерортатеңіздік. Қаңтар айының орташа температурасы 5-10 градус, шілдеде 20-27 градус. Жазықтарда жауын-шашын 400-ден 800 миллиметрге дейін, тауларда жылына 1000-нан 2500 миллиметрге дейін. Ірі өзендері - Дору (Дуэро), Тежу, Гвадиана. Солтүстігінде таулы-орманды, күлгін, оңтүстігінде қызыл-қоңыр топырақ тараған. Аумағының 5 пайызға жуығы орман. Қасқыр, түлкі, сусар, генетта, алжир кірпісі, көптеген кеміргіштер, кесіртке, жылан, әртүрлі құстар мекендейді. Жағалық сулары балыққа бай. Негізгі табиғи қорлары: вольфрам, қалайы кен тасы, темір, уран кен тасы, қоңыр көмір кені.

© pixabay.com

Португалияның экономикасы

Португалия индустриалды-аграрлы ел. Елде металл өңдеу, химия, мұнай өңдеу, тігін, балық консервілеу, шарап жасау өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары кеме жасау және жөндеу, электр жабдықтары, күкірт қышқылы, тыңайтқыш, тоқыма, аяқ киім өндірісі дамып келеді. Халқының 20 пайызы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Басты ауыл шаруашылығы өнімдері - астық өнімдері (бидай, күнбағыс), картоп, жүзім, зәйтүн жемісі, ет және сүт өнімдері алынатын мал шаруашылығы дамыған.

Елге туризм едәуір табыс әкеледі. Экспортқа тігін және тоқыма өнеркәсібі өнімдерін, шарап тығынын (әлемде алдыңғы орында), ағаш өнімдерін, шарап, аяқ киім, қағаз, балық және балық өнімдерін, электр жабдықтарын шығарады. Сырттан отын-энергия өнімдері, химиялық өнімдер, құрал-жабдықтар, азық-түлік, көпшілік тұтынатын тауарлар әкелінеді. 

© pixabay.com

Португалия тарихы

Португалия аумағын адамдар тас дәуірінен бастап мекендей бастаған. Қола дәуірінде елдің солтүстігінде металлургиялық өндіріс дамыды. Б.з.б. 1-мыңжылдықта Португалияға кельттер келіп қоныстанды. Б.з.б. 4 - 3 ғасырларда лузитандар көшіп келді. Олар мал шаруашылығымен және егіншілікпен шұғылданды. V ғасырда Португалия жері Свевтер корольдігінің құрамына енді. 585 жылы Вестготтар Свевтер мемлекетін өздеріне қосып алды.

713 - 18 жылдары Португалияны арабтар мен берберлер басып алып, Кордово халифатының құрамына кіргізді. 1143 жылы тәуелсіз Португалия корольдігі (астанасы Коимбра) құрылды. XIII ғасырда Португалияда сословиелік монархия орнап, XV-XVI ғасырларда абсолютизм орнықты.  XV ғасырда португалдар Африканың батыс жағалауын, Мадейра, Жасыл Мүйіс және Азор аралдарын өзіне қаратты. 1500 жылы Бразилияны басып алуға кірісті. Шығыс Африкаға, Үндістанға, Оңтүстік-Шығыс Азияға экспансиясы күшейді. 1581 - 1640 жылы Испанияның қол астына қарады.

1703 жылдан бастап Англияға, 1807 жылы Францияға тәуелді болды. 1820 жылы қыркүйекте либералдық конституция күшіне енді. 1822 жылы 7 қыркүйекте Бразилия тәуелсіздігін алды. 1910 жылы 4 қазандағы португал революциясы нәтижесінде монархия құлатылды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа (1916 жылдан бастап) Антанта жағында қатысты.

Соғыстан кейін елде саяси жағдай күрт нашарлап, 1926 жылы 28 мамырда Португалияда әскери диктатура орнады. 1932 жылы шілдедегі төңкерістен кейін фашистік тәртіп орнады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Португалия АҚШ-пен тығыз әскери-саяси ынтымақтастық орнатты. 1948 жылы 28 қыркүйекте Маршалл жоспарына, 1949 жылы 4 сәуірде НАТО-ға қосылды. 1950-70 жылы елде саяси жағдайлар қайта шиеленісті.

Португалияның отарларында ұлт-азаттық қарулы көтерілістер басталды. 1974 жылы сәуірде елде әскерилер көтеріліс жасап, Ұлттық құтқару кеңесін құрды. Отарлардың губернаторлары орнынан алынып, парламент, Ұлттық халық қимылы фашистік партиясы, Қауіпсіздік бас басқармасы таратылды, саяси тұтқындар босатылды, сөз, баспасөз бостандығы жарияланды.

Португалияда демократиялық өзгерістер жариялана бастады. 1975 жылы елде мемлекеттік және аграрлық реформалар жүргізілді. Португал үкіметі Африкадағы отарларына толық тәуелсіздік берді. 1976 жылы сәуірде жаңа конституция қабылданды. 1976 жылдан бастап Португалия нарықтық қатынасқа толық көшкен, көппартиялы демократиялық елге айналды.

© pixabay.com

Португалиядағы туризм құны

Еуропаның ең Батыс еліне бірнеше себептер бойынша бару ға болады: әлемдегі еш жерде кездестірмейтін бірегей тарихи ескерткіштер; жылы мұхит және керемет жағажайлар, жұмсақ теңіз климаты; дайвинг; керемет дәмді тағамдар; діни қасиетті жерлер; фадудың (португалиялық романстар) халық әндері; қылмыс деңгейінің төмен болуы.

Португалияны Еуропаның ең арзан елдеріне жатқызуға болмайды. Негізінен мұнда Жерорта теңізі курорттарынан жалыққан бай туристер келетін болған. Бірақ бюджеттік демалыс үшін де, егер тамақтану, тұру және ойын-сауық үшін қалай артық төлемеу туралы білсеңіз, бұл елге саяхаттау әбден қолайлы. Сіз құтыла алмайтын басты шығын - шенген визасы үшін әр адам басына 80 еуро. "Колумб еліне" жалғыз емес, топ болып бару әлдеқайда үнемді болады.

Португалиядағы қонақүйлер қымбат. Тіпті егер сіз қаланың ең шетіндегі қонақүйде кішкентай бөлмені таңдасаңыз да, онда мұнда түнеу тәулігіне 20 еуродан кем болмайды. Сізді ыстық таңғы аспен қамтамасыз ететін қарапайым қонақүй. Ал егер тарихи орталыққа екі сағат жүрудің қажеті жоқ деп шешсеңіз, онда 30-40 еуро тұратын орталыққа жақынырақ орналасқан қонақүйді таңдауға тура келеді. Демалыс кезінде ыңғайлы жерде өмір сүргіңіз келсе, қоғамдық көлік аялдамаларының, азық-түлік дүкендерінің жанында, көрнекті орындар мен мұхит жағалауына жақын жерде болу үшін пәтер жалдау керек. Бұл опция 4-6 адам тобымен саяхаттаса, әсіресе үнемді болады. Жақсы қалалық аудандағы үш бөлмелі пәтер тәулігіне 50 еуродан тұрады. Пәтерде 6 ересек саяхатшылар оңай орналаса алады. 

Супермаркет жанындағы әдеттегі мейрамханада түскі ас (ең бюджеттік нұсқа) адам басына 7 еуро тұрады. Португалиядағы тағам порциялары тым үлкен, сол себепті бір тағамды екі адам ойланбай бөлісе алады. 

© pixabay.com

Қалай жетуге болады?

Алматыдан не Нұр-Сұлтаннан Португалия астанасына ұшақпен кем дегенде 12 сағатта жетесіз. Әрине бірнеше трансфермен. Қазақстанның орталығынан Португалия шекарасына дейін шамамен 8 500 шақырым, көлікпен барған жағдайда бұған 100 сағатқа жуық уақыт кететінін ескеру керек.

Португалиядағы көлік қозғалысы

Португалияда тұрақты рейстерді Лиссабон мен Портудағы екі ірі әуежай қабылдайды, маусым кезінде Алгарвада (Фару) және Мадейрада (Фуншал) чартерлер ұйымдастырылады. Елдің шағын өлшемдеріне байланысты, оның құрлықтық бөлігінде ішкі әуе қатынастары аса дамымаған, тек Лиссабон-Порту арасында тұрақты рейстер бар. 

Автобустарда немесе трамвайларда жүру 1 еуродан 1,50 дейін, Лиссабон және Порту қалаларында метрода жүру құны да осындай. Егер әмбебап жол жүру билетін 16 еуроға (4 күн жарамды) сатып алсаңыз, үнемдей аласыз. Мұнсыз кәдімгі турист жергілікті сапарларға күн сайын 6-дан 10 еуроға дейін жұмсайды. Лиссабондағы такси - 5-тен 15 еуроға дейін, автокөліктің санатына және сапардың ұзақтығына байланысты.

Пойыздар сұранысқа ие және ыңғайлы, бірақ егер ірі қалалар арасында пойыздар жылдам әрі жиі жүретін болса да шағын алыс қалаларға автобуспен жылдамырақ жетуге болады. Мысалы, егер Лиссабоннан Портуға 2,5 сағатта жетуге болатын болса, пойызбен бұл бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Бұл ел бойынша жүретін пойыздардың әр түрлі санаттарымен түсіндіріледі - Alfa жүрдек пойыздары Лиссабоннан Портуға, Брагаға, Фароға, Эвораға барады. Inter Cidades немесе IC сәл баяу, бірақ арзан және өте ыңғайлы, ал шағын қалалар арасында көптеген станцияларда аялдамалар жасайтын баяу және арзан өңірлік пойыздар жүреді.

Елмен танысудың тамаша тәсілі, әсіресе Мадейра мен Азор аралдары үшін өзекті. Бензин жолдардың бүкіл Еуропадағы сияқты, ел бойынша бағасы бірдей, бірақ алыс жерлерде жанармай құю жиі емес екенін ескеру керек, сондықтан ірі қаладан шығар алдында толық бак құю жақсы. Қаладағы негізгі мәселе - көлік тұрағы, бірақ бұл тек ірі қалаларға қатысты, олардың барлығы дерлік ақылы, ол үшін арнайы автомат қарастырылған. Тасжолдардағы ең жоғары жылдамдық сағатына 120 шақырым, алайда елде мұндай жолдар көп емес. 

© pixabay.com

Португалияда қайда баруға болады?

Португалиямен танысуды Лиссабоннан бастағаныңыз дұрыс. Лиссабон әуежайы халықаралық рейстерді қабылдайды және осы жерден елдің басқа қалаларымен жақсы байланыс орнатылған.

Еуропадағы ең ұзын көпір Лиссабонда орналасқан және ұлы теңізжүзушісі Васко да Гама есімімен аталады. Көпірдің ұзындығы 17,2 шақырым, Тагус өзенінің үстіндегі көпір 1998 жылы ашылған және керемет үйлесімді көрінеді. Көпірдің ашылуы 29 наурызда өтті және маңызды тарихи оқиға - теңізшінің Еуропадан Үндістанға бағыт ашқанының 500 жылдығына орайластырылды. Көпір мыңдаған жарық диодты шамдармен безендірілген кезде керемет көрінеді. Көпірдің жарықтандыру жүйесі ерекше және заманауи экологиялық стандарттарды ескере отырып жасалған. Түнде жарық Тагус өзенінің тұрғындарын мазаламайды, тек жоғарыға бағытталған.

Португалияның Алмада қаласында орналасқан Кристо Рейдің мүсіні де қызықтырмай қоймайды. Иса мүсіні өте ерекше дизайнға ие, оның негізгі бөлігі 75 метрлік портикодан тұрады. Мүсіннің биіктігі - 28 метр, сондықтан мүсін 103 метрге жоғары бағытталған. Ескерткіштің ашылуы 1959 жылы болды, оны салуға 10 жыл қажет болды.

Португалияда, Синтра қаласының жанында, әлемдегі ерекше архитектуралық ескерткіш бар - әлемдегі ең көне сарай, романеск стилінде салынған - Пена ұлттық сарайы. Әдемі сарайдың тарихы жарқын оқиғаларға толы, ол XV ғасырда салынып, бірнеше жылдан кейін монастырьға айналды. 1755 жылы жер сілкінісі салдарынан ғимарат толығымен жойылды, сарай тек 1838 жылға дейін қалпына келтірілді.

Лиссабонда көптеген қызықты орындар бар, сондықтан кем дегенде екі күн қалалық турға бару керек. Лиссабонда, Ұлттар саябағының аумағында керемет аквариум бар, ол сонымен қатар Еуропадағы ең үлкен және ең көп баратын орындардың бірі. Бұл океанариумның құрылымы өте қызықты, оның бес үлкен аквариумы бар, олардың әрқайсысы әр мұхитқа арналған: Атлант, Тынық мұхиты, Солтүстік мұзды мұхиты, Үнді және Арктика. Аквариумның ашылуы 1998 жылы болды, ол бүкіләлемдік көрме үшін арнайы салынған ғимаратта орналасқан. Ашылғаннан бері ол жергілікті тұрғындар мен туристер арасында кең танымал болды, қазір Лиссабондағы аквариумға миллионнан астам адам келеді. Онда 450 түрлі 16000-нан астам теңіз тұрғындары бар. Ең үлкен аквариумның көлемі 5000 текше метр, ол ашық мұхиттың бейнесін елестететіндей етіп жасалған.

Португалияда серуенге әуесқойлар үйінді тастан жасалған үйді көруге мүмкіндік алады. Миллиондаған үйлерден айырмашылығы, ол "сырттан" емес, "ішінен" салынған. Үй көркем таулы жерде, Фафе қаласынан алыс емес жерде, оны 1974 жылы салған. Осыдан қырық жыл бұрын бастамашыл құрылысшылардың назарын үлкен тас аударған. Олар құрылыс материалдары мен оюланған бөлмелерді тікелей тастан қашап салған, жобаны жүзеге асыру үшін көп уақыт пен күш қажет болды.

© pixabay.com

Әдемі жағажайларда демалуды ұнататындар міндетті түрде Португалияға баруы керек. Міне, планетадағы ең әдемі жағажайлардың бірі - Бенагил, ол әлемнің нағыз табиғи ғажайыбы деп аталуға құқылы. Жағажай Алгарвеге жақын жерде орналасқан. Құмды жағажай, ең алдымен, оның аумағында орналасқан жартасты құрылыстар мен үңгірлермен ерекшеленеді. Осы үңгірлердің бірінде көптеген саяхатшылардың мақсаты болып табылатын жасырын жағажай бар. Сондай-ақ, мына жерлерге баруға кеңес береміз:

  • Гимарайнш - Португалия дүниеге келген мекен. X ғасырдан бері белгілі, жақсы сақталған қамал. Жанындағы осы аттас қалада жаңбырлы бекініс және Әулие Францисктің ортағасырлық соборын қарау қажет.
  • Обидуш - бекініс-қала. Еуропада бүгінге дейін сақталған жалғыз бекініс қабырғасымен қоршалған қала десек те болады. Елді мекеннің барлық жері - мұражай.
  • Баталья монастырі - бірнеше патшалар мен патшалардың қорымы жатқан жер, дүниежүзілік маңызы бар готикалық сәулет ескерткіші. Ұлттық мұражай.
  • Жеронимуш монастырі - португал астанасының мақтанышы, сәулет жауһары,
  • Белен мұнарасы - қайта өрлеу дәуірінің бірегей құрылысы. Үндістанға жолды ашу құрметіне салынған, ескі әлемнің ең танымал символдарының бірі. Жеронимуш монастырының жанында орналасқан.
  • Фатима - шағын қалашық. Қалашықта бірнеше қызықты мұражайлар бар.

© pixabay.com

Португалия асханасы

Бұл африкалық, араб және Оңтүстік Еуропа дәмдерінің қоспасы. Кереметтей тағамдар, дәмдеуіштердің молдығы және таңдаулы балық деликатестері - бұл португалдықтардың тағамдағы ең бастысы. Гурмандарға мына тағамдар сөзсіз ұнауы керек.

  • бакаляу - треска (нәлім) балығын ерекше дайындау, бір мезгілде тұзды және кептірілген. Пісірілген картоп пен жасыл пиязбен беріледі. Көптеген ауыз бекіту күндері танымал тағам;
  • калду верде - "пири-пири" ащы бұрышыжасыл щимен беріледі, "чоризо" шұжығы және картоп;
  • фейжоада - бұршақ, ет, күріш, кәстрөлдегі көкөніс. Бұл ұлттық тағамды әрбір үй иесі өзінше дайындайды, ал Лиссабон таверналарында бұл туристер арасында ең танымал тағам;
  • паштейш де белем - корица мен қайнатылған кремі бар тәтті нан - елдің мақтанышы әрі ең танымал десерт. 

Португалиядағы қауіпсіздік

2019 жылы Global Finance журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең қауіпсіз елдер рейтингінде Португалия 4-орынға ие болды. Қауіпсіздік индексі - 7,07 балл. Португалияда тонау және ұрлық сияқты қылмыс түрлері сирек болады, ал нәсіліне немесе ұлтына байланысты қиындыққа тап болу мүмкін емес жағдай. Жаңа статистикалық мәліметтерге сәйкес, Португалиядағы ұрлық саны айтарлықтай қысқарған. 2013 жылы 100 000 тұрғынға 367 ұрлық тіркелген, 2014 жылы - 332,7, ал 2015 жылы - 283,9.

Қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне қарамастан, барлық уақытта негізгі сақтық шараларын сақтау керек.

© pixabay.com

Португалиядан кәдесыйлар

Кәдесый алу үшін Еуропадағы ең төмен бағаны Португалия қалаларынан алуға болады. Мұнда арзан бірегей жергілікті кәдесыйлар сатып алуға болады және Португалиядан оралғаннан кейін өздерін және жақындарын қуантуға болады (алайда осы елде демалған соң, ешкім қайтып оралғысы келмейді). Осы сиқырлы елде сатып алуға болатын ең қызықты дәстүрлі кәдесыйлар тізімі: Португалиялық балық консервілері, COUTO тіс пастасы, CUTIPOL ыдысс-аяқтары, CLAUS PORTO сабыны (бұл сабынмен король отбасы да қолданады екен), Портвейн (Португалия - портвейннің отаны), Жинжинья (шиеден жасалған ұлттық португалиялық ликер, шарап не бренди), Азулежу плитасы, коркалық тығыннан жаслаған өнімдер, Барселуша қоразының мүсініндегі сувенирлер.

Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети