Өз елінде Михаил Саакашвилиге іздеу жарияланған. Экс-перзидентке "Грузияның мемлекеттік бюджетінен 5 млн долларды орынсыз жұмсады" деген айып тағылуда.
Саакашвилиге бұдан бұрын қызметін асыра пайдаланып оппозицияның акцияларын қолды етуге, "Имеди" телекомпаниясын талқандауға, компанияның иесі Бадри Патаркацишвилидің меншігін тартып алуға қатысы бар деген айып тағылған.
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили қызмет бабын асыра пайдаланды және зорлық көрсетті, қару қолданды, жәбірленушінің ар-намысына тиді деп айыпталып отыр.