Сирия азаматы Жамбыл облысы әкімінен көмек сұрады
Әкім Жамбыл облысына Украинадан босқындардың көшіп келіп жатқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды.
"Ислам мемлекеті" Кобани қаласының үштен бірін бақылауына алды
Қаланың барлық шығыс ауданы мен солтүстік-шығыстағы және оңтүстік-шығыстағы шағын бөлігі экстремистердің бақылауына өтті.
"Күрд факторы" "Ислам мемлекеті" белсенділігін арттырып отыр - сарапшы
Қазір Сирия мен Түркия шекарасында террористік топ содырларымен қақтығыс жүріп жатыр.
Түркияда тәртіпсіздіктерге байланысты коменданттық сағат енгізілді
6 қазаннан бері Түркияда тәртіпсіздіктердің салдарынан 15 адам қайтыс болды.
"Ислам мемлекеті" тобына соққы беру кезінде 8 тұрғын қаза тапты
Әуеден жасалған соққының нәтижесінде 30 шақты лаңкестің көзі жойылды.
Обама сириялық опозицияға қатысты заңға қол қойды
Пентагон өкілдерінің мәлімдеуінше, жоспар 2015 жылы жүзеге аса бастайды. Әскери-жаттығуға бес мың сириялық сарбаз қатысады.
Орталық Азиядан шыққандар Сирияда этникалық топтар құрып жатыр
Сарапшы исламистер қатарында қазақстандық 250, қырғызстандық 100, өзбекстандық 500 және түрікменстандық 360 азаматтың бар екенін айтты.
"Ислам мемлекеті" содырлары Сирияның 160 сарбазын өлтірді
Лаңкестер Табак қаласында орналасқан әскери базаны басып алғаннан кейін ол жерден қашпақ болған сарбаздарды қырып салған.
АҚШ Сириядағы азаматтарына жасалған кез келген қоқан-лоқыға жауап бермек
Егер де америкалықтарға қарсы қоқан-лоқы әрекеттерді байқасақ, біз оларға қарсы тойтарыс беруге дайынбыз, - дейді АҚШ Ұлттық қауіпсіздік әкімшілігінің кеңесшісі Бен Родс.
Сириядан қауіпсіз аймаққа көшірілгендердің қатарында Қазақстан азаматшасы бар
Ұшақ Ресейдің 42 азаматын, Қазақстанның, Өзбекстанның, Беларусьтің, Украинаның 10 азаматын сондай-ақ Сирияның сегіз азаматын қауіпсіз аймаққа көшірді.
Агенттік соттан Сириядағы қазақстандықтар туралы бейнежазбаның таралуына тыйым салуды сұрауда
Өз мақсаттары жөнінде әңгімелейтін қарулы топтың бейнежазбасы биылғы шілде айында ғаламторда пайда болған. Бұл экстремистердің арасында Әбу-Әниса есімді жігіт өзінің алға қойған ниетін қазақ тілінде жеткізеді.
Сириядағы жауынгерлер туралы бейнероликке сараптама жасалады
ҚР ҰҚК бейнероликте діни алауыздықты қоздыру белгілері бар екенін ескеріп, оған тиісті сараптама тағайындады.
Украиналық босқындар Қазақстанға тасталған "бомба" боп жүрмесін
Соңғы күндері әлеуметтік желіден бастап, түрлі сайттарға дейін "Қазақстанға Сирия мен Украинадан босқындар босып келе бастады" деген ақпарат таралып жүр.
Барак Обама Сирияға әскер жіберуден бас тартты
Сирияға әскер жіберудің орнына АҚШ одақтастарымен белсенді жұмыс істеп, мағынасы әлі анықталмаған қосымша шараларды қарастырады.
Башар Асад Сириядағы президент сайлауына қатысады
Сирияда ел президенттігі тағына үш үміткер анықталды. 3 шілдеде өтетін сайлауға қазіргі мемлекет басшысы Башар Асад та қатыспақшы. Сарапшылар болжамына сәйкес, Асадтың сайлауда жеңіске жетуге мүмкіндігі бар.
Сирияда армян мектебіне зымыран оғы жаудырылды
60-қа жуық адам зардап шекті, мектеп пен шіркеудің талқаны шықты.
Сириялық армяндар әлемдік қоғамдастықтан көмек сұрады
21 наурыз күні қалаға исламистік топтар содырлары баса-көктеп кіріп, 80-нен астам бейбіт тұрғынды өлтірген.
Қырғызстаннан 20 адам Сирияға аттанған
Қырғызстанның Ош облысынан тағы 20 адам Сириядағы қақтығыстарға қатысу үшін аттанды
Сириядағы соғысқа қатысқан қазақстандықтарға жаза кесілді
Сирияда болған екі жігіт жеті жылға бас бостандығынан айырылды, олардың әрекетіне қатысы бар тағы екі адам екі жылға шартты түрде сотталды.