бойынша жаңалық Хоккей

Қазақстаннан шайбалы хоккей төрешілері шықпай тұр Әлем чемпионатында 15 мемлекеттен 32 төреші қазылық ететін болды. Алайда бас қазылар тізімі тұрмақ, олардың көмекшілерінің арасында Қазақстан төрешілері жоқ.
06 мамыр 2014 11:55
Кевин Даллмэн "Барысқа" қайта оралды Бүгінде Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғайтын, канадалық қорғаушы Кевин Даллмэн мен "Барыс" клубы үш жылдық келісімшартқа қол қойыпты.
05 мамыр 2014 16:14
Франция хоккейшілерінен екінші рет ұтылдық Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында Франция хоккейшілерімен екінші рет кездесіп, тағы да ұтылып қалды. Есеп – 3:5.
05 мамыр 2014 11:30
Қазақстан құрамасы Франция хоккейшілерінен ұтылып қалды Ұлттық құраманың қазіргі басты мақсаты – жолдастық кездесулерде жеңіске жету емес, ойын өрнегін жетілдіру. Әрі 29 хоккейшінің ішінен 23-ін таңдап алу.
04 мамыр 2014 12:28
Италия хоккейшілерімен есеп айырыстық Бірінші ойында біздің хоккейшілер Италия құрамасынан 1:3 есебімен ұтылып қалып, екінші матчта құрамын сәл өзгертіп, 4:2 есебімен есе қайтарды.
01 мамыр 2014 17:11
Қазақстан құрамасы Италияда ұтылып қалды Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаты дайындығы аясында Италия құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:3 есебімен ұтылып қалды.
30 сәуір 2014 08:16
"Сарыарқа" Братина кубогын жеңіп алды Осыдан бірер минут бұрын Қарағандының "Сарыарқасы" Тюменнің "Рубинін" төртінші рет ұтып (есеп – 2:1), Братина кубогын жеңіп алды.
28 сәуір 2014 22:08
"Сарыарқа" мен "Рубин" бір-бірінің рекордтарын үзді Бүгін – алтыншы матч. Егер "Сарыарқа" жеңіске жетсе, онда Братина кубогының иегері атанады. Жеңілсе, екі команда қайтадан Тюменге жол тартады.
28 сәуір 2014 16:13
Қарағанды – Тюмень бағытындағы хоккейшілер сапары созыла түсті "Сарыарқа" мен "Рубин" Қарағанды – Тюмень арасына арлы-берлі жөңкілулерін одан әрі соза түсті. Алғашқы төрт ойында бірін-бірі алма-кезек ұтты. Жалпы есеп – 2:2.
24 сәуір 2014 11:02
"Сарыарқа" ақтық сында алға шықты Биылғы маусымдағы Братина кубогының финалы Қарағандыға жетті. Жергілікті "Сарыарқа" Тюменнің "Рубинін" қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Әрі жалпы есепте алға шықты.
22 сәуір 2014 22:26
Канадалық "жаңа қазақ" ұлттық құрамаға қосылды Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Кевин Даллмэн бас командамыздың сапына келіп қосылды.
22 сәуір 2014 13:11
Хоккейден Қазақстан жастары әлем чемпионатында үшінші болды Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Францияда өткен әлем чемпионатында бес ойыннан 10 ұпай еншілеп, үшінші орынға ие болды.
20 сәуір 2014 20:08
Кешегі кеткен есені "Сарыарқа" бүгін қайтарды Қарағандының "Сарыарқасы" Тюменде жергілікті "Рубинді" 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, Братина кубогының финалындағы жалпы есепті теңестірді – 1:1.
19 сәуір 2014 21:19
"Сарыарқа" ақтық сынды жеңіліспен бастады Қарағандының "Сарыарқасы" Ресей Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының финалын жеңіліспен бастап, алғашқы матчта "Рубиннен" 1:3 есебімен ұтылып қалды.
19 сәуір 2014 09:23
"Сарыарқаның" финалдағы қарсыласы анықталды "Рубин" - "Молот-Прикамье" жұбының жеңімпазы анықталды
12 сәуір 2014 14:03
"Ертіс" хоккейден екінші рет ел чемпионы атанды Шайбалы хоккейден Павлодардың "Ертісі" ел біріншілігінің финалында Көкшетаудың "Арланын" төрт мәрте тізерлетіп, екінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды.
12 сәуір 2014 11:17
Хоккейші қыздарымыз Қытай құрамасынан да ұтылды Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Латвияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында төртінші рет ұтылып, жағдайларын тығырыққа тіреп алды.
11 сәуір 2014 12:33
"Арыстан" – Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Шайбалы хоккейден Теміртаудың "Арыстаны" үшінші орын үшін өткен матчтарда Атыраудың "Бейбарысынан" басым түсіп, биылғы маусымдағы ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.
10 сәуір 2014 21:45
Ұлттық құрама хоккейшілері жаттығуға кешігеді Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының кейбір ойыншылары әлем чемпионаты қарсаңындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына кешігіп келетін болыпты.
10 сәуір 2014 18:42
Қыздарымыз төртінші топқа түсіп қалмаса етті Шайбалы хоккейден Латвияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы үшінші рет ұтылып, "үшінші топтан" да түсіп қалу қаупі алдында тұр.
10 сәуір 2014 15:35
Жарнама
Жарнама