бойынша жаңалық Хорватия

Барлыбаев Аслан Мусиннің орнына елші болып тағайындалды Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды. Бұл жарлық ҚР Президентінің ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды
10 мамыр 2017
© REUTERS Денис Тен әнұранның дұрыс қойылмауы туралы: Мен Ильин сияқты аңыз емеспін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Астанада өткен баспасөз мәслихатында 2015 жылды қорытындылады.
30 желтоқсан 2015
© Instagram.com/denisten_official Хорватияда Денис Тенді марапаттау рәсімінде Қазақстанның ежелгі әнұраны қойылды Golden Spin of Zagreb турнирінің жеңімпазы ұйымдастырушылардың қателігін байқағаннан кейін қолын кеуде тұсынан алды.
05 желтоқсан 2015
© Tengrinews.kz Нұрсұлтан Назарбаев Хорватия премьер-министрімен кездесті Зоран Миланович Қазақстан-Хорватия ынтымақтастығының қарқыны артып келе жатқанын атап өтті.
27 мамыр 2015
@Alashainasy.kz Хоккейден Қазақстан қыздары Хорватия құрамасын ойсырата жеңді Қазақстан құрамасы алғашқы екі кезеңде бес голдан соғып, 10:0 есебімен алға шықты.
05 сәуір 2015
Сурет vesti.kz сайтынан алынды Денис Тен Хорватияда өтіп жатқан турнирдің жеңімпазы атанды Сочиде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, қазақстандық Денис Тен Хорватияда өтіп жатқан турнирдің жеңімпазы атанды
06 желтоқсан 2014
Диего Марадона. Tengrinews.kz архивынан Диего Марадона түнгі клубта төбелесіп қалды Диего Марадона Хорватияның Дубровник қаласындағы түнгі клубтардың бірінде төбелесіп қалды.
09 қыркүйек 2014
©Тengrinews.kz "Хайдук" жанкүйерлері "Шахтер" ойыншыларына ұйқы бермеді 50-ге жуық жанкүйер Сплит қаласында "Шахтер" ойыншылары тоқтаған қонақүйдің алдында айқайлап, кейіннен өз командаларының әнұранын айтқан.
07 тамыз 2014
Турнирге қатысушылар: ©volley.kz Әлемдік "Гран-При": Қазақстан волейболшылары Австралияны тас-талқан етіп жеңді Қазақстан құрамасы "Гран-При" турнирінің алғашқы ойынында Австралия құрамасы жеңді.
25 шілде 2014
©ҚФФ Қазақстан құрамасы Хорватиямен жолдастық кездесу өткізеді Қазақстан құрамасы 13 тамыз күні Алматының Орталық стадионында Хорватия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.
17 шілде 2014
Лукша Андрич. ©Bcastana.kz "Астана" баскетбол клубына Хорватия қыраны келді "Астана" баскетбол клубы Хорватия құрамасының ойыншысы Лукша Андричпен келісімшартқа отырды. Ол 1985 жылы 29 қаңтарда туған. Бойы – 208 см.
08 шілде 2014
Фото wrestrus.ru сайтынан Халықаралық күрес федерациясы атауын өзгертеді Жақында Халықаралық күрес федерациясының (FILA) бюросы осы ұйымның атауын өзгертіп, жаңа логотип бекітетіні жөнінде шешім қабылдады.
17 маусым 2014
Бразилиядағы ӘЧ-2014-тің алғашқы ойынында алаң иелері жеңіске жетеді - букмекерлер "Олимп" букмерлік кеңсесінің хабарлауынша, Оңтүстік Америка мемлекеттерінің футболшылары ықыласқа бөленіп үлгерген.
12 маусым 2014

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Оңтүстік-шығыс Еуропада, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет
Астанасы: Загреб
Ірі қалалары: Загреб, Сплит, Риека, Осиек, Дубровник
Жер көлемі: 56 594 мың шаршы шақырым
Телефон коды: +385
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: (GMT+2)
Виза: Шенген
Тілі: хорват
Валютасы: куна (HRK - 60 теңге)
Халқы: 2019 жылы 4,076 миллион адам
Діни сенімдері: католиктер (72 пайыз), православиелік христиандар (14 пайыз)
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: 230 В, C, F, 50 Гц

Хорватия географиясы мен климаты

Елдің шығыс бөлігін Сава мен Драва өзендерінің аңғарларын қиып өтетін төбелі жазық алып жатыр. Орталық және батыс бөліктері биіктігі 1831 метрге дейін жететін (Динар таулары) қатты тілімденген Динар қыраты мен биіктігі 1758 метрге дейін (Велебит таулары) жететін карсты жер бедері басым аймақтан құралады.

Шығыс бөлігінің климаты қоңыржай континенттік. Динар қыратында қыс суық әрі ұзаққа созылады. Жағалауларында субтропиктік, жерортатеңіздік климат басым. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-700 мм-ге, жағалауларда 1000 мм-ге дейін жетеді. Жазықтарда жалпақ жапырақты ормандар телімдері бар, аумағының елеулі бөлігі егіндік үшін жыртылған. Таулар шамшат, емен ормандары және аралас ормандармен жабылған, таудағы карст аудандары - ормансыз бос жерлер, жағалауларды бойлай жерортатеңіздік өсімдіктер (маквис, т.б.) өседі.

Жазы құрғақ және ыстық, ал қысы жұмсақ және жаңбырлы. Қыстың орташа температурасы жағалаудағы аудандарда +5 - +10 градус, тауларда -5 - 0 градусқа дейін төмендейді. Жазда тауларда ауа өте таза: +15 - +20 градус, ал теңізде ыстық және күн ашық +23 - +27 градус болып келеді.

Хорватия экономикасы

Хорватия - индустриялы-аграрлы ел. Югославия құрамында болғанда Хорватия республикалардың ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша екінші орынды иеленді. Хорватия Югославия құрамында болған кезінде кен байлықтарын игеру, кемемен тасымалдау және туризмге маманданған еді. Негізгі табиғи ресурстары: мұнай, табиғи газ, тас көмір, лигнит, боксит, темір кентастары, ас тұзы. Өнеркәсібінің маңызды салалары - тамақ өнеркәсібі (әсіресе, шарап жасау), тоқыма, химия, мұнай-химия өнеркәсібі, мұнай мен газ өндіру. Крк мен Цетин өзендерінде СЭС-тер жұмыс істейді.

Хорватияның шығысындағы Пананиан үстірті- елдің басты ауыл шаруашылық ауданы. Мұнда дәнді дақылдар, картоп, қант қызылшасы, соя өсіріледі. Аумағының 20 пайызы егіншілік үшін жыртылады. Орталық таулы ауданда жеміс шаруашылығы, Истрия мен Далмацияда жүзім шаруашылығы дамыған.

Ел экономикасында туризм мен балық аулаудың да маңызы зор. Сыртқа машина мен өнеркәсіп құрал-жабдықтарын, алюминий, азық-түлік, тұтыну тауарларын шығарады. Импортын ауыр машина жасау өнімдері мен көліктік құрал-жабдықтар, негізгі өнеркәсіптік тауарлар, минералдық отындар, әр түрлі тұтыну бұйымдары құрайды.

Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Словения, Босния мен Герцеговина, Иран, Австрия. Қазақстан Республикасы мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 16 қазаннан бері жалғасын тауып келеді. 2001 жылы 18 - 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Хорватияда бірінші ресми сапармен болып қайтты. Ресми сапардың нәтижесінде ҚР мен Хорватияның арасындағы өзара қарым-қатынастардың негіздері жөнінде Декларация мен екі ел сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңестер жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Хорватия тарихы

Адамдар Хорватия аумағын ерте палеолиттен қоныстана бастады. Қола дәуірінде оны иллириялық, одан кейін кельт тайпалары мекендеді. Б.з.б. I ғасырда Хорватия аумағын Рим басып алды.

VI-VII ғасырларда Хорватия аумағын славяндар мекендей бастады. 8 ғасырда хорват жерлері франктердің билігінде болды. IX ғасырдың соңына қарай хорват князьдері франктер мен Византияның үстемдігінен құтылып, 925 жылы князь Томислав король атағын иеленді. X ғасырда христиан діні тарала бастады.

1102 жылы венгр-хорват униясы бойынша Хорватия өзін-өзі басқару тәртібін сақтап, венгр корольдерінің билігіне түсті. XIII-XIV ғасырларда Хорватияның Далмациядағы қалалары үшін Венгр корольдігі мен Венецияның арасында ұзаққа созылған соғыс болды. Соғыс Венецияның пайдасына шешіліп, Дубровниктен басқа қалаларды иеленді.

XV ғасырдың ортасынан Хорватияға түріктер шабуыл жасай бастады. 1526 жылы Мохач шайқасында түріктер Лайош корольдің әскерін талқандады. XVI ғасырдың соңында Осман сұлтандығы Хорватия аумағының көпшілік бөлігін басып алды. Осман сұлтандығы мен еуропалық мемлекеттер арасындағы ұзаққа созылған соғыстардан кейін, XVIII ғасырдың соңында Хорватия Венгрияға тәуелді болды. Ал XIX ғасырда Австрия - Венгрия империясының бір бөлігіне айналды.

1918 жылы Австрия - Венгрия империясы тарағаннан кейін Хорватия Карагеоргиевичтер әулеті басқаратын сербтердің, хорваттар мен словендердің біріккен корольдігі құрамына енді. Бұл корольдік 1929 жылдан Югославия деп атала бастады. 1941 жылы Хорватияның көпшілік бөлігін немістер оккупациялады. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Хорватия Югославияның құрамындағы жеке республикаға айналды. 1991 жылы 25 маусымда Югославия мемлекеті тарап, Хорватия өз тәуелсіздігін жариялады.

Қазақстандық туристер үшін Хорватия қаншалықты тартымды?

Көркем Хорватия туристерге Адриатиканың ең таза жағажайларында демалып, қарағайлы ормандар мен шатқалдармен қоршалған әсем табиғатында тыныс алып, қонақжайлылығы мен минералды бұлақтарында ем қабылдауды ұсынады.

Хорват қонақүйлерінің көбі қайта қалпына келтірілген, қонақүйлердің қызмет көрсету деңгейі жарияланған жұлдызды санатқа сәйкес келеді. Көптеген қонақүйлер 3 жұлдызды, 4 және 5 жұлдызды қонақүйлер өте аз. Тамақтану негізінен таңғы ас немесе швед дастарқаны. Тек санаулы қонақүйлер толыққанды қызмет көрсетеді.

Хорватияда тұру бағасы еуропалық деңгейден сәл төмен және курортқа да байланысты. Ең жоғары баға Загреб пен Дубровникте. Дубровниктегі 5 жұлдызды қонақүйде екі адамға арналған бөлме үшін тәулігіне 220-300 еуро, 4 жұлдызды қонақүйде 75-100 еуро, ал жақсы 3 жұлдызды қонақүйде екі адамға арналған бөлме тәулігіне 35-45 еуро тұрады. Басқа қалаларда бағалар төмен болуы мүмкін.

Хорватияға қалай жетуге болады?

Сіз Алматыдан Хорватияға тікелей рейс, ауысымдық рейс немесе чартер арқылы жете аласыз. Ауысымдық рейс әдетте тікелей рейске қарағанда арзанырақ түседі. Баға динамикасы келесідей: Хорватияға билеттерді жолға шығардан екі ай бұрын сатып алған дұрыс, кейінірек ол тек қымбатқа түседі.

Хорватиядағы көлік қозғалысы

Хорватия қалаларында ең танымал қоғамдық көлік түрі - автобустар. Загребте трамвай мен фуникулер бар. барлыБарлығында бірыңғай билет қолданылады, Karta Pretplatna төлем картасын алсаңыз болды. Билеттерді жүргізушіден де сатып алуға болады, оның мөлшері сапар уақытына байланысты: 30 минут - 4 HRK, 1 сағат - 7 HRK, 1,5 сағат - 10 HRK тұрады.

Загребтегі фуникулер тек көлік түрі ғана емес, туристтік аттракционға айналғалы қашан. Ол күн сайын 6:30-дан 22:00-ге дейін жұмыс істейді және әр 10 минут сайын жүреді. Жол құны - 4 HRK.

Егер сіз Загребпен тез танысуды жоспарласаңыз, онда Zagrebcard сатып алған дұрыс. Бұл картада қоғамдық көлікті ақысыз пайдалану және мұражайлар, театрлар, мейрамханалар және басқа туристік орындарға жеңілдіктер бар. 24 сағаттық карта - 98 HRK, 72 сағатқа 135 - HRK болады. Толық ақпаратты Загреб парақшасында және ресми сайттан таба аласыз.

Загребтегі такси еуропалық стандарттар бойынша арзан емес. Стандартты тариф - бір км үшін 5-7 HRK, бір бағытқа жету үшін 10-20 HRK. Жүктің орны 1-ден 3 HRK-ге дейін болса, түнде, мереке және демалыс күндері тарифтер 15-20 пайызға көтеріледі. Сіз көлікті көшеде ұстай аласыз немесе қоңырау шалу арқылы шақыруға болады

Хорватияда қайда баруға болады?

Хорватия астанасы - Загреб, бұл елдегі ең үлкен қала, бірақ еуропалық стандарттар бойынша көлемі кішкентай болып келеді. Загребте, әсіресе оның тарихи орталығында ортағасырлық архитектура керемет сақталған. Көптеген әдемі сарайлар мен шіркеулер, жасыл саябақтар мен верандалары бар шағын кафелер көздің жауын алады. Қаланы зерттеу үшін жаяу жүру керек, біріншіден, кішкентай, екіншіден, орталықтағы тар көшелермен көлікпен жүру өте қиын болуы мүмкін.

Хорватия шартты түрде үш курорттық аймаққа бөлінеді. Истрия түбегі Адриатика теңізінің көркем көріністерімен, таза суларымен және Италияға жақын орналасуымен танымал (теңізден Венецияға дейін 3,5 сағат). Истриядағы жағажайлар онша ыңғайлы емес: үлкен тастар мен бетонды платформалар кедергі жасайды, бірақ мұнда жазда өте керемет. Ортағасырлық романтиканы ұнатушылар Ровинджке, Пулаға және Крк аралына баруы керек, Медулин курорты жастарға өте ыңғайлы, (құмды жағажайлар мен сүңгуірлер аймағы), тыныш демалысты жақсы көретіндер және қарт адамдар Ловранды таңдайды, денсаулығын жақсартқысы келетіндер Опатияға саяхаттайды.

Орталық Далматия отбасымен демалу үшін қолайлы. Мұнда теңізге ыңғайлы кіре алатын шағын тасты жағажайлар бар, ал жағасында барлық ойын-сауық инфрақұрылымы бар. Тучепи және Башка Вода отбасылар үшін ең жақсы курорт болып саналады.

Брац аралы - бұл кішкентай тастармен әсемделген әдемі жағалаулар ересектер үшін қолайлы. Аймақтағы ең беделді демалыс орны - Макарска. Мұнда сәнді мейрамханалар, қонақүйлер және спа-курорттар бар. Шибеникте жақсы талассотерапия орталығы бар, барлық ойын-сауық сонда шоғырланған.

Оңтүстік Далматия таулар мен аралдардан тұрады. Мұнда устрицалар өсіріліп, елде ең танымал Дингач шарабы шығарылады. Дубровник аймағында құмды жағажайлар бар, бірақ жағалауы негізінен жартасты болып келеді. ЮНЕСКО мәліметтері бойынша Дубровник Амстердам мен Венециямен қатар Ренессанс дәуіріндегі ең әдемі үш қаланың біріне жатқызылған.

Хорватияның тау шаңғысы курорттары австриялық немесе швейцарлықтардан кем түспейді, бағасы да айтарлықтай арзан. Загребке жақын орналасқан (барлығы 10 км) - Слеме курорты. Мұндағы беткейлер өте жұмсақ, ол жаңадан бастаған спортшылар мен балаларға қолайлы, ал беткейлердің өзі көркем табиғи саябақта орналасқан. Салыстырмалы түрде кейін ашылған, бірақ қысқы спортты ұнататындар арасында танымал Платак курорты бар. Оның басты ерекшелігі - Адриатика теңізінің ең биік нүктеден керемет көрінісін тамашалауға болады.

Хорватия асханасы

Еуропалық тағамдардан басқа, Хорватияда көптеген ұлттық тағамдар дайындалады. Бұл - Далматия немесе Истриядағы еттен жасалған "пршут" тағамы, паш немесе лич ірімшіктері, қой сүтінің ірімшігі, славяндық "кулен" (шұжықтардың бір түрі), әйгілі самоборлық немесе загорлық шұжықтар. Далматияда, аралдар мен Истрияда негізгі тағамдар - балық және теңіз өнімдері, сонымен қатар паштицада (бұқтырылған ет) және қайнатылған қой еті де кеңінен танымал.

Хорват ұлттық сусындарының ішінен "Теран", "Мерло", "Каберне", "Опопло", "Плавац", "Дингач" және "Поступ" қызыл шараптарын атап өтуге болады; ақ шараптар - "Мальвазия", "Пошип", "Пино", "Куюнджуша", "Жлахтина" және "Мускат".

Курортты қалалардағы әртүрлі кафелер мен мейрамханалар өте көп. Бағалар шамамен келесідей: егер дастарқанда шарап болса, кешкі ас екі адамға 450 HRK тұрады. Жергілікті шарап қосылғанкешкі ас екі адамға 250 HRK, ал арзан кафеде минералды сумен немесе сырамен кешкі ас - бір адамға 50 HRK. Теңіз өнімдерімен түскі ас шамамен 350 HRK тұрады.

Хорватиядағы қауіпсіздік

Хорватия Еуропадағы ең қауіпсіз елдердің бірі болып саналады. Барлық туристік орындардағыдай, қалта ұрылары бар, сондықтан қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау керек. Ұрылардың көзі шалмау үшін, қомақты ақшаны өзіңізбен бірге алып жүрмеңіз және бағалы заттарыңызды көпшілік орындарда шығарып көрсетудің қажеті жоқ.

Қоғамдық орындарында темекі шегуге тыйым салынады, бұл жағажайларға да қатысты. Жағажай маңында темекі шегушілер үшін арнайы орындар бар.

Хорватияда олар салықтан жалтарушылармен белсенді күрес жүруде, сондықтан сіз балмұздақ немесе бөтелке су сатып алсаңыз да, дүкеннен әрдайым чек талап етуіңіз қажет. Егер чек алмаған жағдайда, тексеру барысында, сізді дүкен иесімен бірігіп, салық төлеуден жалтарды деген айып тағылуы әбден мүмкін. Бұл үшін де айыппұл салынады.

Маржан аулауға қатаң тыйым салынады, бұл үшін айыппұл ғана емес, қамауға алу қаупі де бар.

Хорватиядан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Ең көп таралған жергілікті кәдесый - шарап. Шараптардың ішіндегі ең танымалдары – шөптен қайнатқан "Траварица", қара өріктен жасалған "Сливовица" және алмұрттан жасалған "Грушовица". Сонымен қатар, Задардан "Мараскино" шие ликері де танымал, оны британдық монархтар сүйіп ішеді екен.

Қымбат кәдесый алам десеңіз, Риекадан "морчиш" деп аталатын түйреуіш, сырғалар, зергерлік бұйымдарды таңдауға болады. Сіз сондай-ақ көптеген аралдардан табылған маржан өнімдерін сатып ала аласыз. Дәстүрлі ұлттық бұйымдардан Долмак аралдарының әдемі шілтері, қолмен кестеленген бұйымдар, ағаштан жасалған оюлар, жүн мен теріден жасалған бұйымдар, кілемдер, керамика, ұлттық киімдер мен гобелендерді алуға болады.

Ерлердің жібек галстукі өте сәнді хорваттық кәдесый болып табылады. Бұл аксессуар Хорватияда ойлап табылғандықтан, жергілікті сәнгерлер оны мақтан тұтады.

Дүкендер жұмыс күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбіде - 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Туристік маусымда олар 6:00-ден 12:00-ге дейін және 17:00-ден 20: 00-ге дейін (22:00) жұмыс істейді.

  • 1
  • 2
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети