бойынша жаңалық ЧП
Атырау облысында рельстен шығып кеткен вагондар туралы ТЖМ және ІІД ақпараттары әртүрлі
ТЖМ-нің мәліметінше, 13 вагон жолдан шығып кеткен. Ал ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, рельстен 11 вагон шығып кетіп, олардың сегізі аударылған.
20 сәуір 2014
Атырау облысында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді
Атырау облысында Алматы-Атырау жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткеннен кейін пойыздар қозғалысы бүгін Астана уақытымен 06.00-де қайта қалпына келтірілді.
20 сәуір 2014
Гранатаны жарып алған сарбазды подполковник құтқарып қалды
Ішкі әскердің бас қолбасшысы енді подполковник Әбдіхалықовты Ішкі істер министрлігінің атынан марапаттауды қарастыруда.
16 сәуір 2014
Назарбаев төтенше жағдай кезіндегі шекара тәртібі туралы заңға қол қойды
Заңда авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі белгіленген.
14 сәуір 2014
Астанада бір адамды пойыз басып кетті
Теміржолды кесіп өтпек болған ер адам Петропавл - Алматы бағытындағы №152 "Тальго" жолаушылар пойызының астына түсіп қалды.
14 сәуір 2014
Үстіне шифер құлаған оқушыға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Тергеуалды тексерістің нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі.
10 сәуір 2014
Риддерде кеніш маңындағы үй жер астына түсіп кетті
Төтенше оқиға Риддер-Сокольский кеніші ауданындағы Боровая көшесінде жердің 50х50 метрге опырылуынан болған. Үш адам үйден шығып үлгерген.
04 сәуір 2014
Қызылағаш трагедиясына кінәлілер еркіндікте жүр
Әскери соттың мәліметінше, басты кінәлі Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша бостандыққа шығарылды.
03 сәуір 2014
Көкпектідегі көшірілген тұрғындар үйлеріне оралды
Министр Владимир Божко облыс әкімімен бірге үй-үйді аралап, азаматтардың сұрақтарына жауап берді, қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.
31 наурыз 2014
Көкпектіде құрбан болғандардың бес адам екені расталды
Зардап шеккендердің саны анықталып жатыр. Барлығы 300-дей үйді су басқан, екі үйге зақым келді.
31 наурыз 2014
"Прайм Плаза" бүлікшілеріне үш жыл жаза берілуі мүмкін
"Прайм Плаза" мен оның іргесіндегі дәмханалардың өкілдері сотталушылардан бүлік кезінде келген шығынды өндіріп алуды сұрады.
05 наурыз 2014
Шымкентте көтерме тауар қоймалары өртеніп жатыр
Қойманы жалға алушылардың хабарлауынша, өрт кезінде мұнда күзетшілер болмаған.
26 ақпан 2014
Ресей хоккейшілері мінген ұшақ Астанаға апатты жағдайда қонды
Ұшақ бортында 31 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болған, хоккейшілер "Эйр Астананың" тұрақты рейсімен сапарларын жалғастырды.
26 ақпан 2014
Астанада төбелеске қатысқан тоғыз адам ұсталды
Төбелес 25 ақпанға қараған түні болған. Бір ер адамды әлдекімдердің ұрып тастағанын куәгерлердің бірі ұялы телефонға түсіріп алған.
25 ақпан 2014
Өскемен - Самар тас жолын тоғыз рет көшкін басты
"Қазселденқорғау" мекемесі учаскені күні-түні бақылауға алмақ. Мұның алдында бұл өңірде магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелген.
25 ақпан 2014
Оңтүстік Қазақстанда үш адам пеш иісінен қайтыс болды
1985 жылғы және 1989 жылғы екі ересек адам мен 2012 жылы туған сәби қайтыс болды.
24 ақпан 2014
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
6000 текше метр қар көшкіні құлаған кезде зардап шекккендер болған жоқ.
21 ақпан 2014
Оңтүстік Қазақстанда 1,5 тонна күкірт қышқылы төгілді
Sintuonik автокөлігінің жүргізушісі жүк тасымалдау кезінде рульге ие бола алмай, автоцистернаны аударып алды.
21 ақпан 2014
Ақтөбе облысында моншада үш адам уланып қалды
Пеш иісіне тұншығып қалған үш ер адамның бірі қайтыс болды. Марқұм 1979 жылы туған.
19 ақпан 2014