Еліміздің үш облысында көлік жолдары жабылды
Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарда боран мен көріну мүмкіндігінің шектелуіне байланысты тас жолдар уақытша жабылды.
Қарағандының көмір қыртыстарынан газ өндіріледі
Мемлекет басшысының Астананы, Қарағанды облысы мен солтүстік өңірлерді газдандыру туралы тапсырмасы аясында арнайы меморандум қабылданды.
"АрселорМиттал Теміртау" 2500 адамды жұмыстан шығарады
Жаппай жұмыстан шығару көктемде басталады, қазірдің өзінде 600 адамға қатысты бұйрық әзірленген.
Бюджеттің 17 млн теңгесін ысырап етуге жол берілмеді
Қарағанды шенеуніктері мемлекеттік сатып алу сайыстарында тауар құнын негізсіз көтермелеп көрсеткен.
Кісі өлтіріп алған прокуратура қызметкері жұмыстан қуылды
Тәртіптік кеңес қызметкердің әрекеті прокуратура органының беделіне нұқсан келтіреді деп отыр.
Аяз астаналық оқушыларды сабақтан бір айға қалдырды
Желтоқсанның басынан ақпанның алғашқы күндеріне дейін және ақпанның 3-10-ы күндері сабақ тоқтатылған болатын.
Қарағанды облысының әкімі Twitter-ге тіркелді
Бауыржан Әбдішев алғашқы твиттерінің бірінде Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.
Сарбаз әскери жаттығу кезінде көзінен айырылды
Оған "сол көздің ауыр деңгейде зақымдануы мен көздің сыртқы мөлдір қабығының жұлынуы" деген диагноз қойылды.
Жезқазғанда тұтқындалған азамат бұранда жұтып қойды
Тұтқын өзіне тағылған айыпқа наразы болып, плинтустың төрт сантиметрлік темір бұрандасын жұтып қойған.
Ақмола облысында зейнеткер әйел үсіп өлді
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бұған дейін мұндай қайғылы оқиғалар Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарында тіркелді.
Теміртауда қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды
"Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіруі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың айтуынша, сәби ауыр соққыдан өлуі мүмкін.