Президенттікке ниет білдіруші Жарылқап Қалыбай емтиханда комиссияны таңғалдырды
55 жастағы Жарылқап Қалыбай сайлауға қатысуға 12 наурыз күні өтініш берген болатын.
Президенттікке ниет білдірген екінші әйел емтиханға келмей қалды
Айгүл Өтепова 15 наурыз күні сағат 10.00-де лингвистика комиссиясының емтиханын тапсыруы тиіс болатын.
Қазақстанда мәртебелі меймандардың ас мәзірі туралы кітап жарық көрді
Кітапқа мемлекеттік хаттама мен жоғары деңгейдегі қабылдаулардың қызықты детальдері топтастырылған.
Шетел сарапшылары Қазақстандағы кезектен тыс сайлаудың шын себептері туралы айтты
Сарапшылардың бірқатары бұған өңірлік қауіпсіздік мәселелері себеп десе, енді бірі ішкі саяси себептерді атады.
Мұхтар Құл-Мұхаммед Назарбаевтың сайлауалды штабын басқарады
2015 жылдың 4 наурызында Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ҚР Президенті кеңесшісі қызметінен босатылғаны хабарланған еді.
Қазақстан президенті сайлауында қалай дауыс беру керек
Орталық сайлау комиссиясы сайлау күні өзге елде жүріп қалай дауыс беруге болатынын және басқа да шарттарды түсіндірді.
Алматының жұмыссыз тұрғыны сайлауалды науқанның келесі кезеңіне өтті
Орталық сайлау комиссиясы Қанат Тұрагелдиевтің Қазақстан президенттігіне үміткерлікке сәйкестігін бекіту туралы қаулы қабылдады.
"Аңыз адам" редакторы президент сайлауына қатысуды ұйғарды
Ол Қазақстан президенттігіне ниет білдірген 22-адам болды.
Президенттікке ниет білдірген тағы бір адам қазақ тілі емтиханынан өте алмады
Ниет білдіруші емтихандағы жазба жұмысында 50 қате жіберді.
Қазақстан президенттігіне ұсынылған жаңа есімдер белгілі болды
Өзін-өзі ұсынушы Лимана Қойшиева енді жалғыз әйел емес, тағы бір әйел адам - Айгүл Өтепова өзін-өзі ұсыну тәртібімен өтініш берді.
Мэлс Елеусізов Қазақстан президенті сайлауына қатысу себебін түсіндірді
Мэлс Елеусізов 2005 және 2011 жылғы сайлауларға қатысқан еді. Соңғы сайлауда ол Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді.
Амантай қажы президент сайлауына қатысуға құжат тапсырды
Амантай қажы 2011 жылғы сайлау кезінде де өзін-өзі ұсынып, Орталық сайлау комиссиясына өтініш берген болатын.
Өзін-өзі ұсынушы Тұрагелдиев мемлекеттік тіл емтиханынан өтті
Үміткер емтиханның екінші тапсырмасы кезінде көзіне жас алған.
"Ақ жол" партиясы сайлауға өз кандидатын ұсынудан бас тартты
Партияның ХІІ съезінде кезектен тыс сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасының ұсынылуын қолдау жөнінде қаулы шығарды.
Назарбаев Конституция мен конституциялық заң талаптарына сай келеді - ОСК
Мұның алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі емтиханын сәтті тапсырған болатын.
Назарбаев сайлауға өзін-өзі ұсынушылар жөнінде мәлімет алды
Лингвистика комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков қазақ тілі емтиханынан соң Президентке өзінің кейбір идеяларын айтты.
Қазақстанда билік өкілеттігі президенттен парламент пен үкіметке бөлінуі мүмкін
Сайлауға қатысу туралы ұсыныстарға келісім берген Нұрсұлтан Назарбаев бес реформаны қолға алу керектігін айтты.
Назарбаев президент сайлауына қатысуға келісім берді
Бұған дейін Мемлекет басшысы өзінің кезектен тыс сайлауға қатысатыны туралы шешімді сәл кейінірек қабылдайтынын айтқан еді.
ҚКХП атынан кандидат сайлауалды науқанның жаңа кезеңіне аяқ басты
Сыздықов - өзінің кандидат бола алатынын дәлелдеген екінші адам. Оның алдында қол қою парақтары Лимана Қойшиеваға берілген еді.
Лимана Қойшиева президенттікке өзін-өзі ұсыну шешімі жөнінде пікір білдірді
Президенттікке үміткер жалғыз әйелдің пікірінше, оның мақсаты барлық қазақстандықтың арман-тілектерімен үндеседі.