бойынша жаңалық Құқық қорғау органдары

Алматы полициясы контейнерде тұратын отбасыға көмектеседі 26 қаңтарда Адыгезалованың балалары №188 мектепке алынады. Жеті жастағы Алена мен 11 жастағы Надя бірінші сыныпқа жіберіледі.
25 қаңтар 2015 02:50
Серік Ахметовтің өлімі туралы қауесет таратқан адам ұсталды Ұсталған адамның компьютері мен телефоны тәркіленді. "Көпе-көрінеу жалған ақпаратты тарату" бабымен қылмыстық іс қозғалды.
24 қаңтар 2015 21:22
ҚР ІІМ ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөліктерді тіркеу жөнінде түсінік берді Ресей мен Беларусьтен келетін көлік құралдарын мемлекеттік қызметті көрсету стандартында бекітілген мерзімде тіркеу тапсырылды.
24 қаңтар 2015 16:52
Ақтөбеде тағы екі алаяқ әйел ұсталды Ақтөбеде алаяқтар көбейіп барады, жыл басынан бері мұнда алаяқтықтың 88 дерегі ашылды.
23 қаңтар 2015 18:22
Интернет-алаяқ өзгелердің есепшотымен коммуналдық қызмет ақысын төлеген Петропавлдың әккі тұрғынының екі бірдей банктің атынан хабарлама таратқаны белгілі болды.
23 қаңтар 2015 16:35
Жалпы құны 1 триллион теңгеге жуық жер телімдері мемлекетке қайтарылды Астана прокуратурасы құны 575,7 миллиард теңге тұратын пайдаланылмай жатқан 255 жер телімін анықтап, 2700 гектар жер мемлекетке қайтарылды.
23 қаңтар 2015 16:00
Қазақстанда 700 интернет-ресурс заңсыз деп танылды Барлығы 100 мыңнан астам интернет-ресурсқа мониторинг жасалды, 703 ресурспен бірге 200-ге жуық материалдың мазмұны экстремистік деп танылды.
23 қаңтар 2015 15:19
Қарағандыда үш адам жеке компания өкілін тонап кетті Қарақшылар жәбірленушіге тапанша кезеп, алтын алқасын, сақинасын, сағатын, ұялы телефоны мен ақша, құжаттары салынған әмиянын алып кеткен.
23 қаңтар 2015 14:33
Қарағандыда екі полицей жол апатына ұшырады Жол-көлік оқиғасынан кейін екі полицей ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
23 қаңтар 2015 09:53
Қостанайда бір түнде жеті автокөлік ұрланды Жыл басынан бері Қостанайда 18 автокөлік ұрланып, 11 қылмыс ізі суымай ашылды. Қалада "ВАЗ" маркалы автокөліктер жиі қолды болып тұр.
22 қаңтар 2015 18:39
Каннибал Николай Жұмағалиев жабық типтегі емдеу мекемесінде қала береді Ақыл-есінің дұрыс еместігіне байланысты оның ширек ғасыр бұрынғы қылмысына қатысты іс тоқтатылды.
22 қаңтар 2015 18:30
Қазақстан мен Италия қылмыскерлерді ұстап беру туралы шартқа қол қойды Италия қылмыстық-құқықтық саладағы мемлекетаралық шарттардың толық жинағын жасасқан алғашқы еуропалық елдердің бірі болып отыр.
22 қаңтар 2015 16:11
Алматыда үш ер адам полицейді соққыға жықты Қашқын жүргізуші полицейге қарсылық көрсетіп, оған туыстары көмектесті, сөйтіп үш ер адам полицейге әртүрлі дене жарақатын салды.
22 қаңтар 2015 12:39
Павлодарда қорқор шеккендерге 300 мың теңгеге жуық айыппұл салынды Бір ай бойы жүргізілген рейд барысында қоғамдық орындарда қорқор шеккен 25 адам ұсталып, оларға жалпы сомасы 283 426 теңге айыппұл салынды.
22 қаңтар 2015 12:05
Ан-2 ұшағы апатына себеп болуы мүмкін бірнеше жайт тексеріліп жатыр Бірнеше сот-медицина сараптамасы тағайындалды, "Олимп Эйр" ЖШС техникалық құжаттары тексеруге алынып жатыр.
21 қаңтар 2015 19:15
Шымкентте орталық стадион директорының орынбасары алаяқтығы үшін сотталды Құнанбаев таныс әйелін жұмысқа тұрғызамын деп 15 мың доллар алып, жұмысқа тұрғызбай, ақшасын қайтармаған.
21 қаңтар 2015 11:28
Балалар автокреслосы туралы норма кейінге қалдырылмайды ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәселенің "заңға сәйкес" шешілетінін айтты.
21 қаңтар 2015 10:54
Астанада ұрыларды ұстауға көмектескен таксист теледидарға ие болды Жолаушыларының түнгі жүріс-тұрысының күмәнді екенін байқаған такси жүргізушісі полицияға хабар берген.
20 қаңтар 2015 17:32
ШҚО әкімі іс басқармасы басшысының орынбасары өлі күйінде табылды Қазіргі уақытта күдікті адам ұсталған жоқ. Қылмыстың жай-жапсары тергеу мүддесіне байланысты жария етілмей отыр.
20 қаңтар 2015 16:09
Бас есепші "Сарыағаш" облыстық балалар шипажайының 15 миллион теңгесін жымқырған Бюджет қаражатын жымқыру дерегі Сарыағаш ауданы прокуратурасының Еңбек кодексі талаптарының сақталуын тексеруі барысында анықталды.
20 қаңтар 2015 14:46
Реклама
Реклама