бойынша жаңалық Құқық қорғау органдары
Мәскеуде Украинаға әскер кіргізуге қарсы митинг өтті
Жиналғандардың саны 250-ден асады, полиция 15-ке жуық адамды ұстады.
02 наурыз 2014
Оңтүстік Қазақстанда асыранды сәбилерге жалған диагноз қойылған
Прокуратураның мәліметінше, 183 баланың 62-сіне дәрігерлер сал, жүрек ауруы сияқты аса ауыр аурулардың диагнозын қойып берген.
28 ақпан 2014
Шекарада жерлесіміздің тікішегінен есірткі табылды
Жолаушының жүріс-тұрысы күдік туғызған, сол себепті шекарашылар оны "Пассажир скан" құралымен тексерді.
28 ақпан 2014
Жойқын көлік апатына жол берген полицей мас болған
Полицей көше қиылысында аялдаудың орнына бір машинаны соға-моға өтіп кеткен, соғылған көлікте отырған тағы бір полицей қайтыс болды.
28 ақпан 2014
Астанада төбелеске қатысқандардың соты аяқталды
Үш айыпталушының екеуі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, төбелес кезінде кастет қолданған Мирас Мамбиннің бостандығы үш жылға шектелді.
28 ақпан 2014
Минскіде ұсталған қазақстандыққа қатысты іс қозғалды
Тергеушілер ұсталған адамның мұндай әрекетке не себепті барғанын анықтап жатыр. Сонымен бірге, оның келтірген шығыны есептеледі.
28 ақпан 2014
Сватовтың елімізге Алтайдан бала әкеліп тұрғаны рас
ҚР Бас прокуратура бұл деректі растағанымен, балалардың мұсылман лагерьлерінде тәрбиеленгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
27 ақпан 2014
Алматыда адам ұрған екі полицей бес жылға сотталды
Жәбірленушінің тоғыз қабырғасы сынып, өкпесі жыртылады. Әйелдер мен екінші ер адам да жарақат алған.
27 ақпан 2014
АҚШ 16 қазақстандыққа қатысты тергеуді құпия ұстайды
Бұл азаматтар 13 америкалықпен бірге 2000-нан астам адамның жеке мәліметтері бойынша салық органынан артық төлемдерді талап еткен.
26 ақпан 2014
Астанада жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ұсталған тоғыз адамнан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған, тергеу жүріп жатыр.
26 ақпан 2014
Шимофуджи туралы жазбаға қатысты іс сотқа жолданды
Өзін Шимофуджи деген азаматтың әйелі екенін айтып, "Қазақтелеком" операторына зекіген клиенттің ісі қорлау деп есептеліп отыр.
25 ақпан 2014
Прокурорлар Қаратал тұрғынына терроризмге қаржы бөлмеуді ескертті
Алматы облысы прокурорларының мәліметіне қарағанда, бұл азаматтың немере ағасы Таяу Шығыстың шиеленіс болып жатқан аймағында жүр.
25 ақпан 2014
Банк ЦентрКредиттің бұрынғы қызметкері жалған смс-хабарлама ісіне қатысы бар деп танылды
Алматы прокуратурасы Сәбденовке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 136 бабының 1 бөлімі бойынша іс қозғады.
22 ақпан 2014
Астанада тұрғындарға оқ атпақ болған адам ұсталды
Белгісіз ер адам қолындағы аңшылық қаруын көшедегі тұрғындарға кезеп, оқ атпақшы болған.
22 ақпан 2014
Киевте Львов милиционерлері бүлікшілер жағына шықты
Львовтан келген тәртіп сақшылары "Бүркіт" арнайы жасағына оқ жаудыруға дайын тұр.
21 ақпан 2014
Прокурорлар кафелерді сыртқы камералар орнатуға шақырды
Прокурорлардың айтуынша, көңіл көтеру орындары жанжал шыққанда кінәлілерді сыртқа шығарып, кейін көшеде болған қылмыстан басын ала қашады.
21 ақпан 2014
Табылған мәйіт бойынша Астана дәрігерлеріне қарсы іс қозғалды
17 ақпан күні коммуналдық мекеме қызметкерлері аурухана терезесінің түбінен бір ай бұрын жоғалып кеткен 44 жастағы Бақытжан Орынбаевтың мәйітін тауып алған еді.
21 ақпан 2014
Алматыда сәбиді 150 мың теңгеге саудалағандар сотталды
Әйел нәрестесін сатып жіберуді жүкті кезінде-ақ ойластырған.
20 ақпан 2014
Мақсат Үсенов блогерлердің үстінен шағымданды
Полиция Жетісу аудандық ішкі істер басқармасының бөлімшесіне блогерлердің жеткізілгенін растады, үш блогерден жауап алынып жатыр.
20 ақпан 2014