"Жұлдыздар соғысы" фильміндегі телефон енді қиял болмайды
"Жұлдыздар соғысы" фильмінің кейіпкерлері бір эпизодта бір-бірімен голограмма арқылы тілдеседі. Міне, осы фантастикалық идеяны нақты өмірде жүзеге асыруды Leia Display Systems польяк компаниясы қолға алған екен. Тіпті, келесі жылы қиялдағы құрылғының алғашқы моделін адамзат қауымы тұтына да бастауы ықтимал.
27 қаңтар 2014
Қазақстандағы ең қымбат автокөліктер
Бұл рейтинг "Колеса" сайтындағы сатылымға қойылған көліктердің бағасы бойынша түзілген. Рейтингке тек елімізде тіркелген автокөліктер ғана қатыстырылған.
27 қаңтар 2014
Strider мульт-ойынның бас кейіпкері Қазақстанда болады
Strider атты жаңа мульт-ойынның бір бөлімі Қазақстанға арналған. Сюжет 2048 жылғы оқиғаны баяндайды. Ойынның бас кейіпкері, жапонның аңыз тұлғасы Страйдер Хирю Қазақстанға тұтқындағы досын босатып алу үшін келеді. Аталған ойында Қазақстан жаудың түрлі зертханалары мен роботтарына толы өңір ретінде көрсетіледі.
27 қаңтар 2014
Астана оқушысы жасанды бал ойлап тапты
Астаналық оныншы сынып оқушысы Темірлан Нәби сапасы табиғилығынан еш айырмасы жоқ жасанды бал ойлап тапты. Тәттінің суық тигенде көмегі мол әрі аллергияны қоздырмайды.
24 қаңтар 2014
"Бәйтерек" жобасы бірнеше жылсыз жүзеге аспайды
"Байқоңыр" ғарыш айлағында ресейлік-украиндік "Зенит" зымыран тасығышын ұшыруға болжанған "Бәйтерек" жобасын жүзеге асыру үшін кем дегенде бірнеше жыл қажет. Жаңа жобаның іске қосылуының кешеуілдеуіне Қазақстанның Зымыран технологияларын бақылаушы халықаралық режимге мүше болмауы себеп екен.
Компьютерге кіретін ең қауіпсіз құпия таңбалар жарияланды
SplashData компаниясы электронды поштаға немесе әлеуметтік желілердегі жеке парақшаға енуге арналған ең қауіпсіз құпия таңбалардың тізімін жариялады. Бұл тізімнің ең басында "123456" сандарынан құрылған комбинация тұр.
21 қаңтар 2014
Алматы форумы Қазақстанның болашақ даму бағытын талдайды
"Синергия: ғылымды, бизнесті және қоғамды жұмылдыра отырып" атты форумға сарапшылар Қазақстанға маңызды ғылыми бағыттар мен технологияларды таңдау үшін Алматыда үстіміздегі жылдың 23 қаңтарында бас қосады.
21 қаңтар 2014
Интернетте 1986 жылғы күнтізбеге сұраныс артты
Интернетте 1986 жылғы күнтізбеге сұраныс артып тұр. Өйткені қарсы алған жаңа жылымыздың күндері, аптасы сол ескі күнтізбедегідей айна-қатесіз қайталанады екен.
Наноматериалдарға тәуелділік кезеңі басталды
Халықаралық сарапшылардың болжамынша, 2015 жылға қарай жаппай кен орындарын іздестіру, барлау және игеру жұмыстарында наноматериалдарды пайдалану ісі артады.
20 қаңтар 2014
Қазақ ғалымы әлемде шешімі жоқ есепті шығарды
Қазақ Ұлттық академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбаев "мыңжылдық мәселесі" деп аталатын әлемде шешімі жоқ жеті есептің алтыншысын шешті. Қазақ математигі 2000 жылдың басында осы математикалық проблеманы шешкеннің әрқайсысына 1 миллион АҚШ доллар ұсынатынын жариялаған Клэя математикалық институты жүлдесінің үміткері боп саналады.