Yahoo Қытайдағы жұмысын тоқтатқанын жариялады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Yahoo Қытайдағы жұмысын тоқтатқанын жариялады ©REUTERS/Denis Balibouse

Америкалық Yahoo технологиялық компаниясы Бейжің тарапынан қатаң шектеуге байланысты Қытайдағы қызметін толық тоқтатқанын жариялады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Yahoo технологиялық компаниясы Бейжің тарапынан қатаң шектеуге байланысты Қытайдағы қызметін толық тоқтатқанын жариялады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Қытай заңнамасына сәйкес, Қытайда жұмыс істейтін компаниялар 1989 жылы Тяньаньмэнь алаңындағы оқиғаларды қоса алғанда, саяси жағынан орынсыз деп саналатын контент пен кілт сөздерді цензуралауға міндеттеледі.

"Қытайдағы іскерлік және құқық талаптарының күрделене түскенін ескере отырып, Yahoo қызметтерінің жиынтығы Қытайда 1 қарашадан бастап қол жетімді болмайды", - делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, Yahoo China 1999 жылы, компания әлемдегі жетекші интернет-компаниялардың бірі болған кезде іске қосылды. Кейінгі жылдары өз қызметін едәуір қысқартты. 2013 жылы Yahoo қытайлық электронды пошта қызметін жауып тастады. Екі жылдан кейін компания Бейжіңдегі кеңсесін жауып тастаған еді. Yahoo Қытайдағы қызметін қысқартқан соңғы америкалық компания болды, өйткені үкімет Facebook және Twitter сияқты танымал платформаларды бұғаттаған. Сондай-ақ, өткен айда Microsoft қытай нарығында LinkedIn-ді жауып тастаған болатын.

Әлеуметтік желілер Қытайдағы қатаң ережелерге бағынады және Үкіметтің талабымен Қытай қолданушыларының жеке деректерін жіберуге міндетті. Сондай-ақ, платформалар Қытайдың билеуші Коммунистік партиясын сынға алған хабарламаларды жоюға да міндеттеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети