TSO_lesson_1_kaz_final
Ірі мұнай-газ саласына қамтушы болудың жолы қандай?
"Қазақстандық қамту" дегеніміз не және "CT-KZ" сертификатын қалай алу керек?
KZ
Қазақстанның батысындағы күрделі геологиялық жағдай, мұнайдың тереңде орналасуы, жоғары қысым, сондай-ақ, табиғаттың қаталдығы мұнай-газ саласының қамтушы мамандары мен қамтушы компаниялардың отандық жұмыс тәжірибесін әлемнің түрлі елінде бәсекеге қабілетті етеді. Осы ретте пайдалы қазбаларды өндірудегі күрделі шарттарды ескерсек, мұнай-газ саласындағы кез келген халықаралық компанияның жемісті ынтымақтастыққа негізделген өз талаптары бар. Tengrinews.kz Қазақстанның жетекші мұнай өндіруші компаниясы - "Теңізшевройлмен" (ТШО) бірлесе отырып, "Бизнес-мектеп: Ірі мұнай-газ саласына қамтушы болудың жолы қандай?" атты арнаулы жоба аясында қазақстандық қамту және "CT-KZ" сертификатын қалай алуға болатыны туралы әңгімелемек.
Ең алдымен, ТШО-ның қамтушыларға қоятын жоғары талаптары Теңіз кен орнының технологиялық тұрғыдан әлемдегі ең күрделі кен орындарының бірі болуымен байланысты. Кеніш ұзындығынан 20, енінен 21 шақырым аумақты алып жатыр. Теңіз - әлемдегі ең терең алып мұнай кен орындарының бірі болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы коллекторы 5 000 метрден астам тереңдікте. Сағалық жоғары қысым мен мұнай құрамында күкіртсутектің болуы Теңізді әлемдегі ең күрделі кен орындарының біріне айналдырады. Сондықтан да, Теңіз нысандарында қауіпсіздік техникасына ерекше назар аударылып қана қоймайды, қадағалаланады. Соған сай, қызметкерлерді ғана емес, әлеуетті серіктестерді де мұқият таңдайды.
ТШО тауарлар мен қызметтерді қайдан алады?
ТШО-ның 2021 жылы қазақстандық қамтуға облыстар бойынша жұмсаған шағындары (млн.доллар)
29
2 442
319
11
0.1
188
4
0.1
11
555
0.1
0.1
Сізді қызықтыратын аймаққа салыңыз
Сізге қызығушылық аймағын таңдаңыз
ТШО импорт алмастыруға жағдай жасау мақсатында оқшаулау үшін басымдыққа ие тауарлардың бесеуін анықтады, олар: ілмекті арматура, ернемектер/фитингтер, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, бақылау-өлшеу аспаптары мен электр жабдығы. Сондай-ақ, Қазақстан ішінде өндіру үшін, жоғары әлеуетке ие тауарлар мен қызметтердің 50-ден астам түрі айқындалды. 2021 жылы жоғары вольтты және оптикалық-талшықты кабельдер шығаратындардың, төмен вольтты қозғалтқыштарды жөндеу, газ турбиналарын күтіп ұстау және тексеріс жүргізушілердің біліктілігін анықтау аяқталды. 2022 жылы қазақстандық тауар өндірушілердің кабельдік науалар, шар тәрізді крандар, тарату қораптары, құбыр обтюраторлары, жоғары вольтты қосалқы станциялар, бұрғылау бұрандаларын жөндеу/дайындау, өрт сөндіру көліктері және өрт сөндіру баллондары сияқты өнімдер бойынша техникалық сапасын анықтау жүргізіледі.
Қазақстандағы өндіріс үшін жоғары әлеуеті бар тауарлар мен қызметтер
  • бұрғылау бұрандаларын жөндеу,
  • бұрғылау бұрандалары
Сабақ подкаст түрінде қолжетімді
"Қазақстандық қамту" дегеніміз не және "CT-KZ" сертификатын қалай алу керек?"
Қауіпсіздік және экологиялық стандарттар
Қаржылық тұрақтылық
Клиентке бейімделу
Халықаралық сапа стандарттары және басқару жүйелері
Ірі жобаларда сенімді жұмыс тәжірибесі
Бәсекеге қабілетті бағамен сапалы өнімдер және қызметтер
Қамтушыларға қойылатын негізгі талаптар
Компанияның сатып алу жоспары Tengizchevroil.com сайтында жарияланған
Қамтушы атанудың екі жолы бар:
  • Егер қамтушы осы стандарттарға сәйкес келетініне сенімді болса, онда ол SEOI (seoi.tengizchevroil.com) порталына тіркелуі керек. Бұл "Теңізшевройлдың" әлеуетті серіктестерінің базасы, ол ТШО-ға қажеттілік туындаған жағдайда тауарлармен және қызметтердің әлеуетті қамтушыларды таңдауға мүмкіндік береді.
    01
  • Егер сіз тізімге ілікпесеңіз, онда ТШО өткізетін семинарлар мен форумдарға қатыса отырып, үйренуге мүмкіндігіңіз бар және өз дағдыларыңызды шыңдай аласыз. Тиісті ақпараттарды компанияның ресми сайтынан таба аласыз.
    02
ТШО қамтушыларын дамыту:
Әлеуетті серіктестерді бағалау кезінде компания қамтушылардағы тауарлардың отандық сипатына ерекше назар аударады. Әрбір тендерде ұсынылған материалдардың мазмұнында отандық үлес салмағын реттейтін шарттар айқындалады. Егер сіз ТШО-ның барлық талабына сәйкес келмейміз деп есептесеңіз, қамтушыларды дамытудың қолжетімді бағдарламаларына назар аударыңыз.
Қамтушыларды дамыту процесі
  • 1
    Жоспарлау
    • Нарықты зерттеу;
    • Қамтушыларды дамыту жоспарын жасау;
    • КДЖ: жобаның мүмкіндіктерін анықтау.
  • 2
    Алдын-ала бағалау
    • Компанияға келу;
    • Алдын ала бағалау нәтижелері бойынша есеп;
    • Жоба бойынша алдын ала бағалау сауалнамасы;
    • Осы жоба бойынша қамтушылардың дерекқорына деректерді енгізу;
    • Жоба бойынша SQS-ке қатысуға өтініш.
  • 3
    Сынақ үшін тапсырыс
    • Өнімді сынау;
    • Зертханалық талдау;
    • Кемшіліктерді талдау.
  • 4
    Соңғы даму
    • Табысты тәжірибенің мысалы немесе қорытындылар мен ұсыныстар;
    • Аяқтау/бекітілген жеткізушілердің тізімі.
Дамыту жөніндегі бағыттар
Химреагенттер
  • Майлау материалдары;
  • Коррозия ингибиторлары.
АТ/телекоммуникациялық құрал-жабдықтар
  • Оптикалық өнімдер;
  • Оптикалық-талшықты кабельдер.
Электротехникалық жабдық
  • Жоғары және төмен вольтты кабельдер;
  • Құрама қосалқы станциялар;
  • Төмен вольтты тарату шкафтары;
  • Қашықтан қолжеткізу терминалы.
ТҚЖЭ
  • Бұрандалы түйреуіштер;
  • Бекіту арматурасы;
  • Оқшаулағыш материалдар;
  • Сорғылар;
  • Резервуарлар;
  • Ыдыстар/жылу алмастырғыштар.
ҚТ және ҚОҚ
  • Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу
Техникалық қызмет көрсету
  • Жоғары вольтты және төмен вольтты электр қозғалтқыштарын жөндеу
Бірлескен арнайы жоба
Бизнес-мектеп
"Ірі мұнай-газ саласына қамтушы болудың жолы қандай?"

https://tilda.cc/page/?pageid=32593296

Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети