Алматы дәрігерлері бірегей ота жасады

Фото: №7 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі

Алматыда дәрігерлер 15 сантиметрлік жылауық (киста) іріңін тазартып, ұйқы безінің ауыр асқынуына шалдыққан 45 жастағы пациентті аман алып қалды. Бұл жағдай клиника тәжірибесінде мұндай алғашқы оқиға болды, деп хабарлайды TengriHealth №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда дәрігерлер 15 сантиметрлік жылауық (киста) іріңін тазартып, ұйқы безінің ауыр асқынуына шалдыққан 45 жастағы пациентті аман алып қалды. Бұл жағдай клиника тәжірибесінде мұндай алғашқы оқиға болды, деп хабарлайды TengriHealth №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Не болды?

Бұған дейін әйел ұйқы безінің қатты қабынуы - жіті деструктивті панкреатитпен ауырған. Уақыт өте келе ұйқы безінің жалған жылауығы – сұйықтыққа толы қуыс пайда болған.

Жарнама
Жарнама
Анықтама: Жалған жылауық - бұл қабынудан немесе жарақаттан кейін ағзада (көбінесе ұйқы безінде) түзілетін іші сұйықтыққа толы қуыс.

Дәрігерлердің айтуынша, пациентте іріңдеу процесі басталып, жағдай қиындай түскен. Бұл қатты ауырсынуға, дене қызуының көтерілуіне және әлсіздікке әкеп соқтырған.

Әйелдің жағдайы ағзадағы пайда болған іріңнен нашарлап, дене қызуы көтерілген, ауруы асқынып, әлсіздік күйге түскен.

"Қуыстың көлемі шамамен 15 сантиметрге дейін ұлғайған – бұл өте ауыр және қауіпті жағдай, бұндай жағдайдың салдары адам ағзасына көптеген ауыртпалық әкелуі ықтимал", - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Аталған жағдай аурухананың тәжірибелі хирургтары мен эндоскопистері қатысқан консилиумда талқыланды. №7 ҚКА директоры, профессор Манас Рамазановтың жетекшілігімен дәрігерлер дәстүрлі кесінділермен ашық операция жасау немесе заманауи құрылғыларды пайдаланып аз инвазивті әдісті қолдану мәселесін шешті.

Алғашқы бірегей операция

Нәтижесінде пациенттің жағдайын, КТ деректерін және инфекция белгілерін ескере отырып, мамандар аз инвазивті араласуды - эндоскопиялық цистогастростомия әдісін таңдады.

Анықтама: Эндоскопиялық цистогастростомия - бұл ұйқы безінің жалған жылауығы мен асқазан арасында өзек жасалатын аз инвазивті емшара. Бұл әдіс жалған жылауықтағы сұйықтықтың асқазанға, одан әрі табиғи жолмен ағзадан шығуына мүмкіндік береді.

Емшараның басты ерекшелігі - тері жамылғысында тілік жасалмайды. Операцияны эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Аян Байжанов жүргізді.

Аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер ауыз жолдары арқылы енгізілетін иілгіш құрал - арнайы эндоскопты пайдаланды. Оның көмегімен олар асқазанды іштей тексере алды.

"Жылауық ұлғайған кезде асқазанның артқы қабырғасына қысым түсіре бастайды және оның ішкі жағынан көрінеді", - деп түсіндірді мамандар.

Дәрігерлер сол жерден тамырсыз аймақты тауып, асқазан қабырғасы арқылы жылауыққа тесік жасады. Содан кейін асқазан мен жылауық қуысы арасында шағын өзек қалыптастырып, жұқа түтікше орнатты. Ол арқылы ірің асқазанға, кейін табиғи жолмен сыртқа шыға бастады.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай әдіс асқыну қаупін айтарлықтай төмендетеді, ауырсынуды азайтады және пациенттің тез сауығуына мүмкіндік береді.

№7 ҚКА №1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Байтұрғановтың айтуынша, отадан кейін науқастың жағдайы тез жақсара бастады: дене қызуы түсті, ауырсыну белгілері азайды, жалпы көңіл-күйі тұрақтанды. Көп ұзамай үйіне шығарылды.

Тағы оқыңыз: Семейде пневмониямен ауруханаға түскен әйелден 6 келілік ісік анықталды

БАД-тармен емделген: Алматыда зейнеткерден 25 келіге жуық ісік алынды

Ақтөбеде дәрігерлер жаңа туған нәрестеге бірегей ота жасады

Tengrinews

Жарнама
Жарнама