Алматыда медицина қызметкерлеріне пышақ және қайшымен қоқан-лоқы көрсеткен ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда медицина қызметкерлеріне пышақ және қайшымен қоқан-лоқы көрсеткен ер адам ұсталды Фото: Qumash

Әлеуметтік желілерде Алматыда түсірілген видео тарады, онда тұрғын үйдің ауласында жартылай жалаңаш ер адамның пышақ пен қайшы сілтеп жүргені түсірілген. Кадрлардан жедел жәрдем көлігі және ер адамның көліктің есігін тартып жатқаны көрінеді, - деп хабарлайды TengriHealth.


Әлеуметтік желілерде Алматыда түсірілген видео тарады, онда тұрғын үйдің ауласында жартылай жалаңаш ер адамның пышақ пен қайшы сілтеп жүргені түсірілген. Кадрлардан жедел жәрдем көлігі және ер адамның көліктің есігін тартып жатқаны көрінеді, - деп хабарлайды TengriHealth.

Не болды?

Оқиға 29 наурызда болған. Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы шақырту бойынша науқасқа барған. Алайда оларды науқастың ұлы қарсы алған.

"Мас күйдегі ер адам өзін агрессивті ұстап, қоқан-лоққы көрсеткен және қолында айналасындағыларға қауіп төндіретін заттар болған. Медицина қызметкерлері өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция шақырған", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Салдары қандай болуы мүмкін?

Алматы қаласы Жетісу аудандық Полиция басқармасы бұл жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы (Медицина қызметкеріне немесе жедел жәрдем жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатері немесе күш қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қазіргі уақытта оқиғаны жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген шұғыл қызмет қызметкерлеріне қатысты кез келген агрессия мен қоқан-лоққы көрсетуге жол берілмейтінін және заңда қарастырылған жауапкершілікке әкеп соқтыратынын атап өтеміз", - делінген полиция хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.89   556.83   5.94 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети