Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды Фото: UMC жүрек орталығының баспасөз қызметі

Астанадағы University Medical Center Жүрек орталығында Қазақстанда алғаш рет кәмелетке толмаған науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды. Ота 2026 жылы 28 наурызға қараған түні өткен, - деп хабарлайды TengriHealth.


Астанадағы University Medical Center Жүрек орталығында Қазақстанда алғаш рет кәмелетке толмаған науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды. Ота 2026 жылы 28 наурызға қараған түні өткен, - деп хабарлайды TengriHealth.

Мән-жайы

Орталықтың баспасөз қызметі мәліметінше, 15 жастағы жасөспірім бес жыл бойы ауыр кардиологиялық дертке шалдыққан. Оның жағдайы жиі нашарлап, ұдайы ауруханаға жатуға мәжбүр болған. Толыққанды сауығудың жалғыз жолы жүрек ауыстыру еді.

Баланың өмірін сақтап қалған донор - ми өлімі тіркелген 43 жастағы ер адам. Оның туыстары қайтыс болғаннан кейін мүшелерін донорлыққа беруге келісім берген.

"Олардың шешімі мен дәрігерлер және трансплантациялық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында жасөспірімге жаңа, толыққанды өмірге нақты мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Ол реанимациядан бейінді бөлімшеге ауыстырылған.

Балалар трансплантологиясының дамуы

Орталық мәліметінше, бүгінде ағза алмастыру кезегінде (күту парағында) 123 бала тұр, оның тоғызына дәл осы жүрек трансплантациясы қажет.

Осы уақытқа дейін елімізде кәмелетке толмаған пациенттерге жүрек алмастыру отасы жасалмаған. Мәселе балаға сәйкес келетін ағзаны табудың қиындығында.

Жазбада отадан кейін жасөспірім мен оның анасына денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың барғаны айтылған. Ол баланың жағдайын сұрап, отбасына қолдау көрсеткен және медициналық ұжымға алғыс айтты.

"Бұл ота - жай ғана жекелеген жағдай емес, Қазақстандағы балалар трансплантологиясын жүйелі дамытудың негізі. Бүгінде балаларға жүрек алмастыру отасы әлемнің санаулы елдерінде ғана жасалады, ал барлық трансплантацияның 80 пайызы АҚШ клиникаларына тиесілі", - делінген жазбада.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 478.15   548.09   5.87 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети