Қазақстанда қатерлік ісікке қарсы дәрі адамдарға сыналып жатыр

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қатерлік ісікке қарсы дәрі адамдарға сыналып жатыр Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы отандық DVC препараты пацинеттерге клиникалық сынақтан өткізіле бастады. Бұл туралы үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды TengriHealth.


Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы отандық DVC препараты пацинеттерге клиникалық сынақтан өткізіле бастады. Бұл туралы үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды TengriHealth.

Нұрбектің сөзінше, әзірлеме Назарбаев университеті базасындағы "Астана ұлттық зертханасында" жүргізіліп жатыр.

"Былтыр адамдарға клиникалық сынақ кезеңі өтті. Клиникалық база ауысты, енді бұл сынақтарды Астанадағы онкологиялық орталықта аяқтап жатырмыз. Сондай-ақ өңірлік онкологиялық орталықтар қосылды, оның ішінде Қарағандыда", - деді Нұрбек.

Министр препаратты шығару кешігіп жатқаны заңнаманың қатаң талаптарын сақтау қажеттілігімен байланысты екенін нақтылады.

"Біз ұлттық заңнама талаптарын орындаймыз, енді тіркеу үшін халықаралық регламенттерді де орындау қажет. Онда өте қатаң стандарттар бар, сондықтан адамдарға қосымша клиникалық сынақ қажет болды", - деді ол.

Шенеуніктің айтуынша, дәріні сынау биыл аяқталып, тіркеуге ұсынылады.

"Алдымен препаратты ұлттық деңгейде тіркеуді жоспарлап отырмыз, сонда ол ресми дәрілік құрал ретінде шығып, клиникалар оны қолдана алады", - деді министр.

Нұрбек келесі кезең препаратты халықаралық тіркеу болатынын, ол қосымша рәсімдерді талап ететінін айтты.

Мән-жайы

2025 жылғы қарашада Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы препаратты клиникалық сынау шешуші кезеңге өткені хабарланған болатын. Әзірлеуші Дос Сарбасов бұған дейін жануарларға жүргізілген клиникаға дейінгі зерттеу сәтті өткенін мәлімдеген.

Жаңа кезеңде емдеу тәсілі өзгерді: ісік пен метастаздарға тікелей әсерін, сондай-ақ пациенттердің көтере алуын бағалау үшін препарат стандартты химиотерапияға дейін қолданыла бастады.

Сынақ Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта өтті, мұнда қатарынан жасанды интеллектіні қолданатын бейімделген сәулелік терапияны қоса алғанда, заманауи емдеу әдістері енгізіледі. Орталық мәліметінше, пациенттердің 80 пайыздан астамы ем қабылдап, мамандар нәтижені оң бағалап отыр.

Қатерлі ісікке қарсы отандық алғашқы препарат жасалғаны туралы 2024 жылдың басында белгілі болды. Кейін Саясат Нұрбек сынақ барысы мен нәтижесі туралы айтып берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.47   553.7   5.91 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети