Қазақстанда тексерулерден кейін жүздеген жеке емшара кабинеттері жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тексерулерден кейін жүздеген жеке емшара кабинеттері жабылды Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Қазақстанда жеке емшара кабинеттерін тексеру жалғасып жатыр. Бүгінде олардың иелеріне 16 миллион теңгеден аса айыппұл салынған, - деп хабарлайды TengriHealth.


Қазақстанда жеке емшара кабинеттерін тексеру жалғасып жатыр. Бүгінде олардың иелеріне 16 миллион теңгеден аса айыппұл салынған, - деп хабарлайды TengriHealth.

Не болды?

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі мәліметінше, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мониторинг барысында лицензиясыз жұмыс істеген 408 жеке кабинетті анықтаған.

Тексеруден кейін 270 кабинет өз еркімен жабылды. Иелерінің бір бөлігі қызметін заңдастыруға уәде беріп, құжаттарды ресімдеуге кіріскен. Тағы 116 нысанда жоспардан тыс тексеру тағайындалды.

Тексерушілер мынадай жүйелі заңбұзушылықтарды анықтаған:

  • медициналық қызметті лицензиясыз жүзеге асыру;
  • санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау;
  • дәрілік заттарды сақтау шарттарын бұзу;
  • білікті медициналық персоналдың болмауы;
  • шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті жиынтықтардың болмауы.

Жұмыс қорытындысы бойынша комитет мамандары жалпы сомасы 16 миллион теңгеден асатын 147 әкімшілік хаттама толтырды.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанда Таразда танымал антибиотиктен кейін пациент қайтыс болған емшара кабинетінің дәрігері мен медбикесіне үкім шыққан болатын. Сотталушылардың екеуі де бостандығын шектеу түріндегі жаза алып, зардап шеккен отбасыға 11 миллион теңгеден астам шығын төлеуге міндеттелді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.47   553.7   5.91 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети