ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласының Бас жоспарына енгізілген түзетулер бойынша қоғамдық тыңдауларға дайындық жүріп жатыр. Жаңартылған құжаттар ашық қолжетімділікте жарияланды. TengriНome жобаларды зерттеп, Алматы әрі қарай қалай салынатынын баяндайды.
Тыңдаулар 30 маусымда сағат 09:00-де Абай даңғылы, 90 мекенжайында өтеді. Алдыңғы талқылауларда аудандардың бір бөлігі бұзылатыны белгілі болды. Түзетулерге сәйкес, Қайрат шағынауданындағы жеке сектор бұзылмайтын болды. Дегенмен, басқа аудандардағы тозығы жеткен және аз қабатты үйлерді реновация күтіп тұр.
Бас жоспарға түзетулер енгізу кезінде әзірлеушілер Алматының аумақтық дамуының үш баламалы нұсқасын қарастырған. Мұндай ескерту қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасынан түсті.
2023 жылғы Бас жоспарда бос аумақтардағы құрылысты ескере отырып, қаланы аумақтық кеңейтусіз дамыту көзделген болатын. Билік бес полиорталық құруды жоспарлағанымен, олардың шекаралары мен функционалдық аймақтарға бөлінуін белгілемеді. Бұл ретте сол кездегі нақты деректерден асып кеткен жобалық көрсеткіштер негізге алынды. Сонымен қатар, Іле-Алатау ұлттық паркінің шекарасы белгіленбей, көлік қаңқасының дамуы ескерілмеді.
Сондықтан бұл нұсқадан бас тартылды.
Бұл нұсқа Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы (ҮАААЖ) шегінде қаланы жеті бағыт бойынша "желпуіш" тәрізді аумақтық кеңейтуді қарастырды:
"Жаңа алаңдар мен ҮАААЖ арасында перспективалы даму үшін резервтік аумақтар қарастырылды. Нұсқаның негізгі сәулеттік идеясы - ықшам тарихи өзектен батыс, солтүстік және шығыс бағыттар бойынша векторлық өсімі бар үш сәулелі полиорталықтық құрылым. Бұл схема жаңа алаңдардың қала орталығынан бірдей қашықтықта болуын қамтамасыз етіп, қолданыстағы магистральдарға түсетін көлік жүктемесін азайтуға тиіс еді", - делінген Бас жоспарды түзетудің стратегиялық экологиялық бағалау есебінде.
Алайда бұл сценарий де бірнеше себепке байланысты қабылданбады:
Бұл сценарий қазіргі қала аумағын қарқынды пайдалануды көздейді және тау бөктеріндегі аймақта күрделі құрылыс жүргізуге тыйым салады (бұл туралы ел Президенті айтқан болатын). Жоспарда:
"3-нұсқа экологиялық тұрғыдан ең негізделген нұсқа болды: ол қала айналасындағы табиғи буферлік аймақтарды сақтайды, тау бөктері мен МҰТП (Іле-Алатау ұлттық паркі - ред. еск.) қорғау аймағындағы құрылысты болдырмайды, атмосфералық ауа сапасы және қоршаған ортаның басқа да компоненттері бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін ең жақсы жағдайларды қамтамасыз етеді. Дәл осы нұсқа әрі қарай әзірлеу үшін қабылданды", - делінген есепте.
Жаңартылған Бас жоспарда қаланы бес полиорталыққа бөлу идеясынан бас тартқан жоқ.
Алматы аумағын функционалдық және қала құрылыстық аймақтарға бөлу схемасы, Бас жоспарды түзету. Ашық сары түспен - жайлы үйлер құрылысы, бозғылт қызғылт түспен - аз қабатты, ашық сары түспен - орта қабатты, қою қызғылт түспен - көп қабатты, қызғылт-сары түспен - 12 қабаттан жоғары құрылыс белгіленген.
Қала орталығы мынадай аумақ ретінде қарастырылады:
Бұл жерде өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоймаларын полиорталық аумағынан тыс жерге шығару жоспарланған.
"Киров атындағы машина жасау зауыты, Крючков атындағы зауыт, шәй өлшеп-түю фабрикасы, 1-мамыр атындағы фабрика, Дзержинский, Шаумян атындағы фабрикалар және басқа да көптеген кәсіпорын өнімге сұраныстың болмауына байланысты өздерінің өндірістік профилін жоғалтты. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорындардың цехтары мен әкімшілік үй-жайлары, қоймалары шағын және орта бизнес нысандары ретінде пайдаланылып отыр. Сүйінбай даңғылының бойындағы көптеген кәсіпорынның цехтары автосалондарға айналдырылған. Түзетулерге сәйкес, қойма жайларын Орталық жоспарлау ауданының шекарасынан тыс жерге шығару ұсынылады", - делінген Бас жоспардың түзетуінде.
Кейбір магистральды көшелерді ұзарту және кеңейту жоспарланған:
"Орталық жоспарлау ауданының аумағында жаңа құрылыс жұмыстары ауданның бүкіл аумағында, негізінен тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу есебінен қарастырылған", - делінген жобада.
Бұл келесі аумақтар:
Тұрғын үй құрылысына арналған негізгі алаңдар - Үлкен Алматы өзені ауданындағы тозығы жеткен бір-екі қабатты үйлер.
"Түзету арқылы негізгі магистральды көшелердің бойында төменгі қабаттарында қызмет көрсету нысандары бар көпқабатты құрылыстарды дамыту ұсынылады. Ақсай өзеніне іргелес ауданда (шығыс жағында) құрылыс салынбаған бос жерлер бар, онда тұрғын аудан салу көзделген. Ендік бағыттағы негізгі магистральды көшелерді (Төле би, Жандосов, Шаляпин, Жұбанов) ұзарту және олардың келбетін қалыптастыру үшін бір-екі қабатты құрылыстарды бұзу қажет болады", - делінген құжаттарда.
Бұл аудан мына шекаралармен шектеледі:
Мұнда тұрғын үй массивтерін ауданның оңтүстік және шығыс бөлігінде орналастыру жоспарланып отыр.
"Мұнда негізінен іргелес жер телімдері бар бір-екі қабатты үйлерден тұратын шағынаудандар, сондай-ақ бұрынғы Заря Востока, Өжет, Красный трудовик, Пригородный, Көкқайнар, Қарасу, Ақбұлақ ауылдары орналасқан. Экономикалық есептеулерге сәйкес, бұл аймақта тұрғын үй құрылысы тек оңтүстік бөлігінде және ішінара Саин көшесінің бойымен солтүстік бағытта қарастырылған", - деп ұсынды жаңартылған Бас жоспарды әзірлеушілер.
Аудан орталығын Саин көшесі мен Рысқұлов даңғылы қиылысының солтүстік-батыс жағында орналастыру ұсынылады. Бұл - "Алатау" театры, Атлеттер ауылы, "Алматы Арена" мұз айдыны орналасқан аумақ. Мұнда тағы да әкімшілік-іскерлік мекемелер нысандарын салу жоспарланған.
"Батыс жоспарлау аймағының аумағында, ЖЭО-2-ден солтүстікке қарай индустриялық аймақ құрылысы жүріп жатыр, оған Орталық жоспарлау ауданынан бірқатар кәсіпорынды көшіру ұсынылады. Батыс ауданның орталықпен байланысын жақсарту үшін Бөкейханов көшесін (Рысқұловтан Солтүстік айналмаға дейін) және Рысқұлов даңғылыны (Ақсайдан ҮАААЖ-ға дейін) салу және кеңейту қажет", - делінген есепте.
Аймақ мына шектерде созылып жатыр:
"Солтүстік жоспарлау аймағы жерлерінің шығыс бөлігі толық игерілмеген. Мұнда тұрғын үй-азаматтық құрылысын дамытуға арналған кең алаңдар бар. Шемякин, Рысқұлов, Бухтарма көшелері, Талғар тасжолы, Құлжа тасжолымен шектелетін бұл аумаққа егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары (ЕЖЖ) әзірленді. ЕЖЖ-ға сәйкес, жобаланған аумақта жеке үй жайлы, аз қабатты және орта қабатты құрылыстар қарастырылған", - делінген жобада.
Бас жоспарды әзірлеушілер келесі көшелерді реконструкциялауды және ұзартуды ұсынады:
Бұл аудан қаланың көрікті оңтүстік-шығыс шетін алып жатыр:
Тау бөктерінде құрылыс салуға тыйым салынған.
Алматыдағы құрылысты бос аумақтар мен негізінен аласа үйлер орналасқан аудандарда жүргізу жоспарланған:
"Қалыптасқан құрылысты ескере отырып, түзетуде (Бас жоспарға. - ред. еск.) қолданыстағы бос жерлерді тиімді пайдалану, сондай-ақ қолданыстағы бір қабатты және орта қабатты тұрғын үй қорын ішінара реконструкциялау есебінен азаматтық құрылыстың барлық түрін жүзеге асыру көзделген".
Тұрғын үй аймақтарында зәулім үйлер де, жеке үйлер де болады:
Бұл ретте тұрғын үй түрі орналасқан жеріне байланысты болады. Тұрғын орамның орталығында тығыз орналасқан орта қабатты құрылыс салып, шетіне қарай қабаттар санын азайту жоспарланған.
"Схема бойынша бұл былай көрінеді: орталығы барынша тығыз салынған құрылыс - орта қабатты - аласа қабатты - қала шетіне қарай 600 шаршы метрлік учаскелері бар жеке үйлер", - деп түсіндірді Бас жоспарды әзірлеушілер.
Жаңа тұрғын үй массивтерін қаланың шеткі аймақтарына: Алатау, Наурызбай, Медеу және Түрксіб аудандарына көшіру жоспарда бар. Батыс бөлігінде Наурызбай ауданының қалыптасып келе жатқан орталығының айналасында шағынаудан салу көзделген.
Алматыда жекелеген тұрғын үй орамдарын мыналардың есебінен құру жоспарланған:
Бұл ретте тектоникалық жарықтар: Іле-Алатау, Жетісу, Шілік және Орталық Алматы жарықтары ескерілетін болады.
"Сейсмикалық микроаудандастыру карталарына сәйкес, Алматының бірқатар орамдары MSK-64 шкаласы бойынша тербелістердің есептік қарқындылығы тоғыз балға дейін жететін жарық аймақтарында орналасқан. Геодинамикалық жағдайды ескермей, жарылым осьтеріне тікелей жақын жерде құрылыс салу азаматтардың өмірі мен мүлкіне жол берілмейтін қауіп төндіреді", - делінген Бас жоспарды түзетудің жарияланған құжаттарында.
"ҚазҚСҒЗИ" ғылыми-зерттеу институты мен сәулет басқармасына 2027-2028 жылдары жарылым аймақтарын нақтылау және ол жерлерде құрылыс салуға тыйым салу тапсырылды. Бұдан бөлек, су қорғау белдеулерінде де құрылыс жүргізуге рұқсат берілмейді.
"Алматының барлық өзені мен су ағындарының су қорғау белдеулерінде (су жиегінен немесе габионның жоғарғы жиегінен 35 метр) кез келген күрделі құрылысқа мүлдем тыйым салынады. Тыйым сонымен қатар іргетасы тереңдетілген күрделі емес құрылыстарға да қолданылады", - делінген есепте.
Шенеуніктер су қорғау белдеулеріндегі құрылыстарға (әдетте бұл тұрғын үйлер, ЖЖСБ, гараждар) ревизия жүргізіп, оларды 2035 жылға дейін кезең-кезеңімен босату бағдарламасын әзірлеуі тиіс. Барлық құрылыстар сүріледі.
"Өз бетінше салынған құрылыстар (құқықтық негізсіз) - дереу сүріледі. Құжаттары рәсімделген құрылыстар - сатып алынады немесе өтемақы төленіп, көшіріледі; бес жыл ішінде босатылады. Босатылған белдеулер - жағалаудағы талдар мен су қорғау бұталарын отырғызу арқылы рекультивацияланады", - делінген құжаттарда.
Егер өзен арналарының бойында (Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Есентай, Қарғалы, Боралдай өзендерінің жағалауынан 500 метрге дейін) тұрғын үйлер салғысы келсе, онда алдымен топырақтың агрессивтілігі мен су тасқыны кезінде су басу қаупіне инженерлік-гидрологиялық зерттеу жүргізу қажет болады. Су басу қаупі 10 пайызға тең немесе одан жоғары болатын жерлерде жерасты тұрақтары мен жертөлелерге тыйым салынады.
Тау бөктерінде де құрылыс салуға тыйым салынады.
Алматы төңірегіндегі елді мекендердің тығыз орналасқаны сонша, олар бір-бірімен тұтасып кетті. Атап айтқанда, мегаполистен Есікке дейін Талғар тасжолының бойында үздіксіз құрылыс белдеуі байқалады. Сондықтан Бас жоспарды әзірлеушілер болашақта ауылдардың біріктірілетінін жоққа шығармайды.
"Үшқоңыр ауылына дейінгі батыс және Шамалғанға дейінгі солтүстік-батыс бағыттағы, сондай-ақ Қонаев тасжолы бойымен Жаңалық ауылына дейінгі солтүстік бағыттағы елді мекендердің орналасу тығыздығы мен аумақтық өсу қарқынын зерделеу алдағы 10-15 жыл ішінде олардың аумақтық тұрғыда бірігу мүмкіндігін болжауға мүмкіндік береді", - делінген Бас жоспарға енгізілген түзетуде.
Алматы агломерациясының халқын Алматы - Қонаев, Алматы - Астана, Алматы - Бішкек, Алматы - Қорғас тасжолдарының бойына қоныстандыру жоспарланған:
Алматы халқының санын тежеу үшін агломерацияның солтүстігінде Қонаев қаласының негізінде контрмагнит-қала құру ұсынылып отыр.
"Алматы агломерациясын бұл бағытта дамыту мынадай жағдайлармен де негізделген: солтүстікке қарай жылжыған сайын сейсмикалық қауіптің төмендеуі (Қонаев ауданында аумақтың сейсмикалылығы Алматыға қарағанда екі балға төмен); таудан алыстаған сайын аумақтың желденуінің жақсаруы; су ресурстарының қоры; Қапшағай су қоймасына іргелес аудандарда құнды ауыл шаруашылығы және қорық аумақтарының болмауы; халықтың жағажайда демалуын ұйымдастыру үшін жағдайдың жақсаруы", - делінген есепте.
Бас жоспарды әзірлеушілер Алатау қаласының кеңеюінен де үмітті. Жаңа контрмагниттердің нұсқалары қарастырылған:
"Сонымен қатар, агломерацияның жалпы көлік жүйесінің жаңғыртылуын, жүйрік көлік құралдарын пайдалануды және қызмет көрсету нысандарының қолжетімділігінің перспективалық нормаларының өзгеруін ескере отырып, Шелек ауылы әлеуетті контрмагнит-қалаға айналуы мүмкін", - деп есептейді Бас жоспарға түзетулер енгізушілер.
Контрмагнит-қалалар халықтың көші-қон ағынын өзіне тартады, өйткені олардың негізгі міндеті - Алматының жүктемесін азайту үшін қалалық функциялардың бір бөлігін өзіне алу.
Көлік қатынасын Жетіген станциясынан Қытайға дейін жаңа теміржол салу, сондай-ақ Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізі есебінен жақсарту жоспарланған.
Қорыта айтқанда, Алматы агломерациясына мыналар кіреді: Алматы (орталық), Алматы облысының бес әкімшілік ауданы (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандары), сондай-ақ Алатау және Қонаев қалаларының аумақтары.
Авторы: Махаббат Енсебаева
Дайындаған: Дина Шәріпхан