Астана - Петропавл пойызында әжетхана істен шығып, жолаушы келеңсіз жағдайға тап болған

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана - Петропавл пойызында әжетхана істен шығып, жолаушы келеңсіз жағдайға тап болған Фото © Тұрар Қазанғапов

Астана - Петропавл пойызындағы сапар жолаушылардың бірі үшін қорқынышты түстегідей болған. Әлеуметтік желіде нәжіс толған дәретхананың суреті жарияланды: әйел вакуумдық жүйеден қалдықтардың атқылауынан зардап шеккені айтылады. "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengri Travel.


Астана - Петропавл пойызындағы сапар жолаушылардың бірі үшін қорқынышты түстегідей болған. Әлеуметтік желіде нәжіс толған дәретхананың суреті жарияланды: әйел вакуумдық жүйеден қалдықтардың атқылауынан зардап шеккені айтылады. "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Әлеуметтік желіде Астана – Петропавл пойызында болған келеңсіз оқиға туралы ақпарат тарады. БАҚ мәліметінше, вагондағы дәретхана жүйесінде ақау шығып, салдарынан нәжіс бүкіл бөлмеге шашыраған. Онда әжетхананы пайдаланбақ болған жолаушы әйел зардап шеккен.

ҚТЖ жауабы

Біз бұл жағдайды түсіндіру жөнінде ҚТЖ баспасөз қызметіне жүгіндік. Олар оқиғаның Астана – Петропавл пойызында, Тайынша – Смирново аралығында болғанын растады.

"Астана – Петропавл бағытындағы №323/327 пойызының №8/28339 плацкарт вагонында болған оқиға бойынша, жол жүру барысында Тайынша – Смирново аралығында биодәретхананы пайдалану ережелерінің бұзылуы вагонның санитарлық-техникалық жүйесінің бітелуіне әкелгені анықталды", - деп түсіндірді компания өкілдері.

Тексеру кезінде дәретханадан пластик бөтелкелер мен тағам қалдықтары табылған. ҚТЖ тексеру жүргізді.

"Оқиға бойынша пойыз бригадасының әрекеттеріне қызметтік тексеру жүргізілді: вагонның санитарлық жағдайын тиісті деңгейде бақыламағаны үшін пойыз бастығы жұмыстан босатылды, ал учаске бастығына қатаң сөгіс жарияланды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Компания өкілдері мұндай жүйелер бөгде заттар мен тағам қалдықтарының түсуіне арналмағанын еске салды.

Сондай-ақ тасымалдаушы дұрыс пайдаланбаудан туындайтын кез келген ақау барлық жолаушының жайлылығы мен қауіпсіздігіне кері әсер ететінін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 478.15   548.09   5.87 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети