06 қыркүйек 2022 16:38

15 жастағы спортшы Тоқаевтың қоңырау шалғаны туралы: Қатты таңғалдым

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:olympic.kz Фото:olympic.kz

Қарағандылық Алан Құрманғалиев Қазақстан тарихында үстел теннисінен Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды. Tengrinews.kz тілшісімен сұхбатында спортшы турнирден алған әсерін бөлісті, сонымен қатар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың күтпеген қоңырауына таңғалғанын жасырмады.


Қарағандылық Алан Құрманғалиев Қазақстан тарихында үстел теннисінен Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды. Tengrinews.kz тілшісімен сұхбатында спортшы турнирден алған әсерін бөлісті, сонымен қатар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың күтпеген қоңырауына таңғалғанын жасырмады.

Лаоста өткен Азия чемпионатында үстел теннисінен жасөспірімдер мен кадеттер арасында Алан Құрманғалиев қола жүлдегер атанды. Жас жеңімпазды сыныптастары, достары және таныстары әлі де құттықтап жатыр.

"Мен медаль алған "бірінші адам болдым" дегенді ойламаймын. Әрине, жеңісті сезінудің өзі өте керемет. Бірақ теннис менікі екенін әкем алғашқы жаттығуға әкелгеннен кейін-ақ түсіндім. Бірінші жаттығудан кейін қандай эмоция болғаны әлі есімде. Қазір мен үздіксіз жаттығамын, бұл маған ұнайды. Жеңіске жету үшін күнделікті үлкен жүктемемен жаттығамын. Кейбір жағдайларда бұл өте қиын болады. Ең бастысы, жеңіліске тап болғанда, берілмеу", - деп бөлісті 15 жастағы Алан.

Сурет: Алан Құрманғалиевтен

Азия чемпионатындағы ойынынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны жеке құттықтаған болатын. Алан мұндай маңызды қоңырауды күтпегенін және таңғалғанын мойындады.

"Қазақстан Президенті телефон соққанда, мен есеңгіреп қалдым. Кеше кешке болды, жаттықтырушы екеуміз кешкі ас ішіп отырғанбыз. Сонда телефон соғып, өзін таныстырды – Президент. Мен қатты таңғалдым. Мемлекет басшысының өзі маған телефон соғып, жеңісіммен, алған медаліммен құттықтайды деп күтпеген едім", - деп өз әсерін бөлісті қазақстандық спортшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети