26 қаңтар 2023 16:44

Елена Рыбакина Australian Open финалына шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: twitter.com/AustralianOpen/

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open – 2023 жарысының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengri Sport.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open – 2023 жарысының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Отандасымыз жартылай финалда Беларусь спортшысы Виктория Азаренкодан басым түсті.

1 сағат 42 минутқа созылған ойында Елена 7:6 және 6:3 есебімен екі сетте-ақ жеңіске жетті. Осылайша, "Үлкен дулыға" санатындағы жарыста топ жаруға бір табан жақындай түсті.

Реклама
Реклама

Елена Рыбакина – Australian Open жарысының финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші. Бұған дейін "Үлкен дулыға" санатына енетін "Уимблдон" жарысында топ жарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram