Елена Рыбакина Дубайда өткен турнирде жеңіске жетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Рыбакина Дубайда өткен турнирде жеңіске жетті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өткен World Tennis League (WTL) көрме турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рыбакина турнирде Hawks командасы құрамында өнер көрсетті. Сондай-ақ командада Александр Зверев (Германия), Доминик Тием (Австрия) және Анастасия Павлюченкова (Ресей) ойнаған.

Айта кетейік, "Уимблдона-2022" чемпионы бұл турнирде бірде-бір матчте жеңілмеген. Алдымен Елена әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь), одан кейін планетаның төртінші ракеткасы Каролин Гарсияны (Франция) ұтып, финалдық ойында WTA әлемдік рейтингінің көшбасшысы Ига Швентекті (Польша) жеңген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети