24 қаңтар 2017 17:14

Елордалық спортшы Қазақстан тарихында алғаш рет үстел теннисінен әлем біріншілігінде жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dknews.kz © dknews.kz

Елміздің тарихында алғаш рет қазақстандық спортшы ITTF World Tour финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Венгрия астанасы Будапешт қаласында үстел теннисінен осы маусымдағы бірінші әлемдік тур аяқталды. 21 жасқа дейінгі топта Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебінің өкілі Кирилл Герасименко ақтық сында 3:2 есебімен француз Аккузу Каннан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

"Әлемнің мықтыларынан айламды асырып, чемпион атанғаныма қуаныштымын. Соңғы ойындардағы тартыс қиынға соқты. Бірақ осындай мүмкіндікті жібермеуге тырыстым, қиын сәттерде ата-анам, ағаларым туралы ойладым, олар да мен сияқты споршылар", - дейді Кирилл Герасименко.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети