05 сәуір 2014 | 12:18

Федерер Кукушкинді ұтып, таразы басын теңестірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет daviscup.com сайтынан Сурет daviscup.com сайтынан

Дэвис кубогының ширек финалындағы Швейцария – Қазақстан құрамалары арасындағы екінші ойында атақты Роджер Федерер Михаил Кукушкинді ұтып, жалпы есептегі таразы басын теңестірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Дэвис кубогының ширек финалындағы Швейцария – Қазақстан құрамалары арасындағы екінші ойында атақты Роджер Федерер Михаил Кукушкинді ұтып, жалпы есептегі таразы басын теңестірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үлкен теннистің жарық жұлдызы Роджер Федерерге бұл кездесуде елі үшін де, өзі үшін де, тіпті Стаислас Вавринка үшін де тер төгуге тура келді. Себебі, бұған дейін хабарлағанымыздай, ширек финалдағы Швейцария – Қазақстан кездесуінің алғашқы матчында Андрей Голубев әлемнің үшінші ракеткасы Станислас Вавринканы төрт сетте тізе бүктірген болатын. Мұны шетелдік басылымдардың көбісі сенсация деп бағалады-да.

Қазақстандық жанкүйерлер тағы бір сенсацияны күтіп еді, бірақ болмады. Тәжірибесі мол, тіс қаққан, даңқты Роджер Федерер біздің бірінші ракеткамызға алдырмады. Әрдайым байыпен, күш-жігерін қажетінше ғана жұмсап, бәрін бағамдап-пайымдап отыратын Федерер Михаил Кукушкиннен сол әдетінен таймай, үш сетте басым түсті.

Рас, биыл 33-ке толатын Федерер кейінде бүкіләлемдік рейтингтегі көшбасшылық мәртебесінен айырылып қалған. Дәл қазір ол дүниежүзінің төртінші ракеткасы болып табылады. Ал Кукушкин болса, аталған рейтингте 56-орынды иеленіп тұр.

«Сыры кете бастаса да, сыны кетпейтін» үлкен теннис спортының хас шебері (Федерерді айтамыз да...) Кукушкин қалай тырысып, қарқынын үдетсе де, ойын тізгінін уысынан шығарған жоқ. Бұл кездесуде жеңіске жетіп, өз елін қуанышқа бөледі. Өйткені осы матчта Федерер жеңілсе, Швейцария еңсесін көтере алмас еді.

Осылай, даңқты Федерер өз елінің намысын қорғайтын әріптестері мен өзін қызу қолдап отырған жанкүйерлеріне рух берді. Есеп теңесті. Енді бәрі басынан басталады.

Сенбі күні Швейцария – Қазақстан құрамалары жұптасып өнер көрсетуден сынға түседі. Ал жексенбіде – қайтадан жекелей матчтар. Төсеніші хард кортқа қайтадан Швейцарияның ғана емес, әлемнің жарық жұлдыздары мен Қазақстан құрамасының теннисшілері шығады.

Дэвис кубогы. Ширек финал
Швейцария – Қазақстан – 1:1
Станислас Вавринка – Андрей Голубев – 6:7 (5:7), 2:6, 6:3, 6:7 (5:7).
Роджер Федерер – Михаил Кукушкин – 6:4, 6:4, 6:2.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети