Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (WTA №75) АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Tengri Sport Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші айналым матчінде Путинцева Индонезиядан келген Джаниче Ченмен (WTA №40) кездесті. Кездесу қазақстандық теннисшінің пайдасына 3:6, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Матч екі сағат жеті минутқа созылды.
Осылайша, жарыстың екінші айналымында қазақстандық дуэль өтеді - Путинцева Елена Рыбакинамен (WTA №2) ойнайды.
Матч Қазақстан уақыты бойынша 21 наурыз таңертеңге жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина өз мансабында және Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!