Қазақстандық теннисші әлемнің 15-ракеткасын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші әлемнің 15-ракеткасын жеңді Юлия Путинцева. Фото: Reuters©

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының (US Open) ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының (US Open) ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Путинцева төртінші айналымның матчінде хорват Петра Мартичпен кездескен. Қазақстандық теннисші бірінші сетте 6:3 есебімен жеңді. Ал екіншісінде 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Шешуші үшінші сетте Путинцева 4:0 есебімен алға шығып, 6:4 есебімен жеңді. Матч екі сағат 30 минутқа созылды. 

WTA рейтингінде 25 жастағы Путинцева 35-орында тұр, ал 29 жастағы Мартич әлемнің 15-ракеткасы саналады. Бұрын теннисшілер өзара кездеспеген. 

Сондай-ақ, турнирде Қазақстан намысын Михаил Кукушкин (үшінші айналымға дейін жетті), Елена Рыбакина (екінші айналымға дейін жетті), Зарина Дияс (бірінші айналымда жеңілді) және Александр Бублик (бірінші айналымда жеңілді) қорғады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети