Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA топтамасы бойынша немістің Нюрнберг қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA топтамасы бойынша немістің Нюрнберг қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші айналымда қазақстандық 20 жастағы теннисші шараның бірінші ракеткасы Андреа Петковичпен кездесті. Матч 5:0 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. 27 жастағы неміс қызы ойынды жалғастырудан бас тартты.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 105-орында тұр, ал Петкович болса әлемнің ең үздік он ракеткасының қатарына кіреді. Турнирдің екінші кезеңінде Путинцева голландиялық теннисші Кик Бертенспен кездеседі. Ол осыған дейін қазақстандық спортшы Ярослава Шведованы жеңген болатын.
Қазақстандық тағы бір теннисші қыз Зарина Диас Францияда өтіп жатқан Страсбург турнирінде америкалық Элисон Рисктен жеңіліп қалды. 2 сағатқа созылған матч 7:5, 4:6, 6:1 есебімен 24 жастағы америкалық спортшының пайдасына шешілді.