13 маусым 2022 08:59

Қазақстанның үздік теннисшісі әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Бублик. Фото ©REUTERS Александр Бублик. Фото ©REUTERS

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.


Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Осылайша, Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик бірден бес сатыға көтеріліп, 37-орынға жайғасты.

Ал Михаил Кукушкин өз позициясын бес сатыға жоғарылатып 161-ші орынды иеленсе, Дмитрий Попко керісінше, 11 позициядан айырылып, 195-ші орынға түсті. Тимофей Скатов 231-орында (минус 24 позиция).

Үздік 10-дық та өзгерді. Серб Новак Джокович басымдығын жоғалтып, үшінші сатыға, ресейлік Даниил Медведев бірінші, неміс теннисшісі Александр Зверев үшінші сатыдан екінші сатыға көтерілді. Испаниялық Рафаэль Надаль төртінші орынды сақтап қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети