Ресейлік теннисші қыз Мария Шарапова Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) ұйымдастыруымен Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан жарыста америкалық Элисон Рискені жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Екі сағат 24 минутқа созылған кездесу 4:6, 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.
Ертең, 4 қаңтарда Шэньчжэн турнирінде ол отандасымыз 24 жастағы Зарина Дияспен (WTA рейтингінде 66-орын) кездеседі. Қазақстандық теннисші қыз 1/8 финалда алаң иесі Ш. Чжанды 6:3, 6(5):7(7), 6:4 есебімен жеңді. Бірінші ойында ол француз Полин Пармантьені 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірген еді.
Жарыстың бірінші ойынында ресейлік 30 жастағы спортшы қыз Румыния теннисшісі Михаэла Бузэрнескуді 6:3, 6:0 есебімен жеңген еді.
Шарапова WTA рейтингінде 59-орында тұр. Ресейлік теннисші қыздар арасында ең үздік көрсеткіш Светлана Кузнецоваға тиесілі, ол 12-орында тұр. Жалпы рейтингте румыниялық Симоне Халеп көш бастап тұр.