Лондон полициясы Уимблдонда теракт қаупі төніп тұрғанын хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондон полициясы Уимблдонда теракт қаупі төніп тұрғанын хабарлады © Tengrinews.kz

Лондон полициясы Уимблдонға теракт қаупі төніп тұрғанын хабарлады. Осыған орай құқық қорғау органдары қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Айта кетейік, шара 29 маусымда басталады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондон полициясы Уимблдонға теракт қаупі төніп тұрғанын хабарлады. Осыған орай құқық қорғау органдары қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Айта кетейік, шара 29 маусымда басталады.

Скотланд-Ярд өткізілетін шарадағы қауіпсіздікпен шындап айналысып жатыр. Бұл полицияның терактің болу қаупін жоғары деп бағалайтындығының көрінісі. Уимблдон өтетін стадион аумағында полицейлердің қосымша жасағы болады, соның ішінде "жоғарғы дайындықты" бөлімше кез келген төтенше жағдайды назардан тыс қалдырмайды.

Қауіпсіздік шарасы Тунистегі 40 адамның өліміне алып келген терактан кейін күшейтіліп отыр. Бұл шабуылды ИМ ұйымы мойнына алды.

Уимблдон 12 шілдеге дейін жалғасады. Турнирде Қазақстанның атынан Ярослава Шведова, Александр Недовесов, Юлия Путинцева, Михаил Кукушкин және Зарина Дияс өнер көрсетеді. Шараның алғашқы күнінде Дияс пен Путинцева кортқа шығады. Қазақстанның бірінші ракеткасы шараның 24-ші ракеткасы, италиялық Флавией Пеннеттамен ойнайды. Путинцева алғашқы матчын Марина Эраковичке қарсы өткізеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети