"Менің кезегім келді". Рыбакина жүлдесін қайда жұмсайтынын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Елена Рыбакинаға Қазақстан Президенті Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген II дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.

"Барлық қазақстандық сіздің әлемнің ең атақты теннисшілерімен сайысыңызды бақылап отырды. Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетіп, сіз отандастарымыздың үмітін ақтадыңыз, сондай-ақ Қазақстанда теннисті дәріптеуге баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің жеңісіңіз жас спортшыларды ынталандыра түседі деп сенемін", - деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Елена Рыбакина марапат үшін алғысын білдіріп, қазақстандықтардың қолдауын сезетінін айтты.

"Әрине, мен отандастарымыздың қолдауын үнемі сеземін. Бұл мен үшін үлкен қуаныш пен жауапкершілік. Кеше Қазақстанға ұшып келгенде мені қарсы алуға келген адамның көп болғанын көрдім. Бұл жағдай басымнан өтіп жатқанына әлі де сене алар емеспін", - деді ол премьер-министрмен кездесуден кейін.

Қазақстандық теннисші жүлде қаражатының бір бөлігін елімізде қайырымдылыққа және юниорларды қолдауға жұмсайтынын айтты.

"Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына менің көмектесетін кезегім келді", - деді Елена Рыбакина.

Сондай-ақ, спортшы қаражаттың бір бөлігін жануарларға көмектесуге жұмсауды жоспарлап отыр.

"Бірнеше күннен кейін АҚШ-та өтетін турнирлерге дайындала бастаймын. Биылғы мақсат - әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына кіру. Басты мақсат - бірінші болу. Мен бар күш-жігерімді саламын", - деді Уимблдон-2022 жеңімпазы.

Фото: primeminister.kz

Жақында қазақстандық Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жетіп, Тунистен келген әлемдік рейтингтің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді. Бұған дейін посткеңестік елдер арасында бір ғана теннисші - Мария Шарапова 2004 жылы жеңісіне қолжеткізді.

Беделді турнирдегі жеңісі үшін 23 жастағы Рыбакина екі миллион фунт - 1 миллиардтан аса теңге алады.

Елена Рыбакинаға Уимблдондағы жеңісі үшін мемлекеттен ақшалай сыйақы берілмеген, спортшы Қазақстан теннис федерациясының сыйлығынан бас тартты.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro