Михаил Кукушкин Шанхайдағы турнирде Новак Джоковичпен кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Михаил Кукушкин Шанхайдағы турнирде Новак Джоковичпен кездеседі Новак Джокович. Фото sport-xl.org сайтынан алынды

Шанхайда өтіп жатқан жарыстың үшінші айналымында қазақстандық тенннисші Михаил Кукушкин сербиялық Новак Джоковичпен кездеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шанхайда өтіп жатқан жарыстың үшінші айналымында қазақстандық тенннисші Михаил Кукушкин сербиялық Новак Джоковичпен кездеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші айналым жарысында Михаил Кукушкин Оңтүстік Африка республикасының өкілі Кевин Андерсонды 6:4, 6:2 есебімен жеңген болатын. Джоковичтің жарыста қалай өнер көрсеткенін мына жерден оқи аласыздар. Еске сала кетейік, жарыстың бәйге қоры 4,1 миллион доллар. 

Айта кетейік, сербиялық спортшы АТР рейтингінде бірінші орында тұр, ал Михаил Кукушкин 85-орынға жайғасқан. Мұның алдында қазақстандық спортшы АҚШ-та өткен "Челленджер" турнирінің жекелей сынында финалға дейін шыққан болатын. Алайда кипрлік Маркос Багдатистен 6:7, 4:6 есебімен ұтылған еді. Жарыс 1 сағат 45 минутқа созылған. Жартылай финалда қазақстандық спортшы теннис алаңының иесі Уильямс Ричардты 6:2, 6:2 есебімен жеңген. Бұдан бұрын АҚШ-та өткен "Челленджер" турнирінде Кукушкин жапониялық Ясутаку Учияманы 6:2, 6:3 есебімен, екінші айналымда британдық Джеймс Уордты 6:3, 6:4 есебімен ұтқан. 

Айта кетейік, жақында ғана өткен жазғы Азия ойындарында Михаил Кукушкин "алтынға" қол жеткізген болатын. Финалда теннистен Қазақстан командасы Қытай құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті. Александр Недовесов қытайлық У Диді ешқандай қиындықсыз (6:4, 6:0 есебімен) жеңген. Ал Кукушкин Цзе Чжанды 6:0, 3:6, 6:2 есебімен ұтқан еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети