Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович қазақстандық теннисші Михаил Кукушкинді Шанхайдағы "Мастерс" турнирінде әрең жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Михаил Кукушкин пен Новак Джокович жүлде қоры 4,2 миллион доллар болатын біріншіліктің ширек финалына шығуға таласты.

Бірінші сетте теннисшілер жеті гейм ойнап, тең ойын көрсетті, бірақ нәтижесінде серб айла асырды. Екінші сетте Михайл Кукушкин жақсы ойын өрнегін көрсетіп, 6:4 есебімен екінші партияны жеңіспен аяқтады, және де брейктерінің арқасында 5:2 есебімен сет кезінде үстем болды. Шешуші партияда теннисшілер тең ойнаған, бірақ бесінші геймде Джокович брейк жасап 3:2 есебімен алға шықты. Бірақ Кукушкин мұнымен тоқтамай, ойын соңына дейін тартысты ойын көрсетті, бірақ сонда да 4:6 есебімен жеңіліс тапты. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Екінші айналымда қазақстандық екі сетте ОАР өкілі Кевин Андерсонды жеңе білді - 6:4, 6-2. Өз кезегінде Джокович бірінші айналымды өткізіп жіберіп, байқаудағы өзі үшін бастапқы ойынында австриялық Доминик Тимді ұтты - 6:3, 6:4. Матч 1 сағат 29 минутқа созылды.
Серб спортшысы ATP рейтингінде бірінші орында тұр, ал Михаил Кукушкин 85-орында. Шанхайдағы турнирге қазақстандық спортшы ATP рейтингіндегі 90 ұпайымен және 52,4 мың доллар сомасындағы жүлдеге қол жеткізгені арқылы қатысу мүмкіндігіне қол жеткізді.