Президент теннисші Елена Рыбакинаны жеңіске жетуімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент теннисші Елена Рыбакинаны жеңіске жетуімен құттықтады Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен теннисші Елена Рыбакинаны құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен теннисші Елена Рыбакинаны құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Еске салайық, Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбендегі (Аустралия) WTA 500 турнирінің чемпионы атанған болатын.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнады.

Қарсыластар бұған дейін жеті рет кездесіп, оның бесеуінде Беларусь теннисшісі жеңіске жеткен.

Елена Рыбакина бұл жолы алғашқы сетте қарсыласына бірде-бір сетті бермеді. Есеп 6:0.

Екінші сетте есеп 2:1 болғанда Арина Соболенко медициналық үзіліс алды. Одан кейін ол екі геймде ғана жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық теннисші екінші сетте 6:3 есебімен мачты аяқтады.

Елена Рыбакина 1 сағат 12 минутқа созылған матч кезінде жеті эйс жасап, жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Ал Арина Соболенко үш эйсті орындап, бір қос қателік жасады және бір брейк-пойнтты өз есебіне жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети