ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ақпан 2020 | 09:43
Шарапова спорттан кетуін Коби Брайанттың қазасымен байланыстырды
Теннисші Мария Шарапова баскетболшы Коби Брайанттың қайтыс болғаны туралы жаңалықтан кейін карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Eurosport.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Теннисші Мария Шарапова баскетболшы Коби Брайанттың қайтыс болғаны туралы жаңалықтан кейін карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Eurosport.
"Мен Аустаралиядан Лос-Анджелеске қайтып бара жатқан болатынмын. Біз кездесеміз деп келіскенбіз. Ұшақ кездесуге үш күн қалғанда құлады. Коби карьерамдағы ең жақсы кеңесшім болды.
Кейде істеп жатқан ісімізге қарап, өзімізді өмірден де маңыздырақ адам сезінеміз деп ойлаймын. Бірақ бәріміз де әлсізбіз. Кейде көзімізді ашып, ненің расымен де құнды екенін көрсететін жағдай болады. Сондықтан бұл болашағым туралы ойлануыма әкелген жағдай болды, - деді Шарапова The New York Times-қа берген сұхбатында.
Kobe and Gigi? This is incredibly difficult to process. I will never forget your generosity, and the time you set aside in some of my most difficult moments. I am forever grateful. My heart is with you and your beautiful family. pic.twitter.com/rnGI8o1p5L
— Maria Sharapova (@MariaSharapova) January 26, 2020Еске салайық, 32 жастағы Мария Шарапова карьерасын аяқтайтыны туралы хабарлаған. Карьерасында ол Үлкен дулыға сериясындағы бес турнирді жеңіп алған болатын.
Показать комментарии
Читайте также