27 ақпан 2020 09:43

Шарапова спорттан кетуін Коби Брайанттың қазасымен байланыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мария Шарапова. © Reuters Мария Шарапова. © Reuters

Теннисші Мария Шарапова баскетболшы Коби Брайанттың қайтыс болғаны туралы жаңалықтан кейін карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Eurosport. 


Теннисші Мария Шарапова баскетболшы Коби Брайанттың қайтыс болғаны туралы жаңалықтан кейін карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Eurosport. 

"Мен Аустаралиядан Лос-Анджелеске қайтып бара жатқан болатынмын. Біз кездесеміз деп келіскенбіз. Ұшақ кездесуге үш күн қалғанда құлады. Коби карьерамдағы ең жақсы кеңесшім болды. 

Кейде істеп жатқан ісімізге қарап, өзімізді өмірден де маңыздырақ адам сезінеміз деп ойлаймын. Бірақ бәріміз де әлсізбіз. Кейде көзімізді ашып, ненің расымен де құнды екенін көрсететін жағдай болады. Сондықтан бұл болашағым туралы ойлануыма әкелген жағдай болды, - деді Шарапова The New York Times-қа берген сұхбатында. 

Еске салайық, 32 жастағы Мария Шарапова карьерасын аяқтайтыны туралы хабарлаған. Карьерасында ол Үлкен дулыға сериясындағы бес турнирді жеңіп алған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети