Собчак Рыбакина туралы: Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Собчак Рыбакина туралы: Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі Фото: ©️ Reuters, Фото: Instagram/@xenia_sobchak

Ресейлік журналист әрі тележүргізуші Ксения Собчак қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның "Уимблдондағы" сенсациялық жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік журналист әрі тележүргізуші Ксения Собчак қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның "Уимблдондағы" сенсациялық жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Турнир чемпионы - Мәскеудің тумасы, Ресей азаматтығын Қазақстан азаматтығына ауыстырған Елена Рыбакина.  Қандай да бір себептермен ұлттық құрамаға кіре алмаған кез келген спортшы, мансабын жалғастыру үшін азаматтығын ауыстырады. Елена Қазақстан азаматы болғандықтан, белорустар мен ресейліктерге салынған тыйымнан оңай өтіп, Уимблдонға қатысты. Кеше ол қарсыласын жеңіп, әйелдер арасындағы жекелей дәрежеде чемпион атанды. Бұл оның алғашқы "Үлкен Дулыға" атағы", - деп жазды Собчак Telegram-арнасында.

Оның бұл пікірі Рыбакинаның жеңісін Ресейдің жеңісі деп жүрген әлеуметтік желілердегі кейбір жазбаларға жауап болды.

"Бұл - Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі, өзімізді алдамайық. Ресейде оған ешкім мүмкіндік бермеді, сондықтан үлкен турнирлерге қатыса алмады. Оған жеңіске жету мүмкіндігін берген - Қазақстан", - деді Собчак.

Еске салайық, қазақстандық Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінде  тарихи жеңіске жеткен болатын. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисшіге хабарласып, жеңісімен құттықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети