Шведова Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын қайтарып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шведова Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын қайтарып алды 24.kz

Ярослава Шведова Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын қайтарып алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Теннистен әйелдер арасындағы жаңарған рейтингте (WTA) ол қазақстандық Юлия Путинцеваны басып озды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ярослава Шведова Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын қайтарып алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Теннистен әйелдер арасындағы жаңарған рейтингте (WTA) ол қазақстандық Юлия Путинцеваны басып озды.

Өткен аптада Шведова Бейжіңдегі WTA China Open 1/4 ширек финалына дейін жетті. Қазақстандық теннисші қыз польшалық Агнешка Радваньская екі партияда да есе жіберді. Алайда осы деңгейге жетуінің өзі Шведоваға 7 саты көтеріліп, WTA рейтингінде 32-орынды иелену мүмкіндік берді. Бір аптада бір позицияға түскен Путинцева 34-орында. Қазақстандық Зарина Дияс 145-орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, осыған дейін Путинцева спорттық мансабында тұңғыш рет WTA рейтингінде 33-орынға қол жеткізген болатын. Оның ең жақсы көрсеткіші 35-орын болатын, Путинцева бұл орынға "Ролан Гаррос" жарысында 6 шілдеде қол жеткізген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети