07 тамыз 2022 09:23

Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тарихи әлем чемпионатында 4-орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚТФ ©ҚТФ

Чехияның Простеев қаласында теннистен 14 жасқа дейінгілер арасында мәреге жеткен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үздік төрттікке ілікті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық жасөспірімдер мұндай деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысқанына қарамастан, әлемдегі үздік құрамалармен терезесі тең өнер көрсетті. Топтық бәсекеде әлем чемпиондары - Италия құрамасын жолдан тайдырып, ширек финалға шықты.

Өкінішке қарай, қола жүлде үшін матчте қазақстандық жасөспірімдер әлемнің екі мәрте экс-чемпионы - АҚШ құрамасына жол берді. Бірінші кездесуде Дамир Жалғасбай Джек Кеннедиге есе жіберді - 3:6, 3:6. Содан кейін Заңғар Нұрланұлы Китон Хансені 6:3, 4:6, 6:2 есебімен тізе бүктіріп, таразы басын теңестірді. Жұптық сында Даниэль Тазабеков пен Дамир Жалғасбай Кеннеди мен Ханседен жеңілді - 4:6, 3:6.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (капитаны Сергей Квак) төртінші орынға табан тіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети