Үстел теннисінен Астанада өтетін сайыс әлемнің 122 елінде көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үстел теннисінен Астанада өтетін сайыс әлемнің 122 елінде көрсетіледі © gbtimes.com

Елордадағы "Дәулет" спорт кешенінде 2017 жылдың 14-17 желтоқсаны аралығында үстел теннисінен "World Tour Grand Finals" әлемдік турының ақтық сайысы өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордадағы "Дәулет" спорт кешенінде 2017 жылдың 14-17 желтоқсаны аралығында үстел теннисінен "World Tour Grand Finals" әлемдік турының ақтық сайысы өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"World Tour Grand Finals" жарысын ҚР үстел теннисі федерациясы Халықаралық үстел теннисі федерациясы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізіп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, жарыстың деңгейі аталған спорт түрінен Олимпиада ойындары немесе Әлем чемпионатынан кем түспейді.

Гранд-финалда ерлер мен әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтегі ең үздік ТОП-16 спортшылары мен World Tour жарысының 12 кезеңі бойынша ең көп ұпай жинаған үстел теннисшілері бас қосады. Осы орайда, Астанаға үстел теннисінен әлемнің 9 чемпионы және Олимпиаданың 5 чемпионы келе жатқанын атап өтуге болады.

World Tour Grand Finals турнирі - World Tour сайысының ақтық сериясы. Ол жарыс жыл бойы өткізіліп келеді. Биылғы жылы жарыстың 12 кезеңі Будапешт (Венгрия), Нью-Дели (Үндістан), Инчхон (Корея), Панагюриште (Болгария), Оломоуц (Чехия), Стокгольм (Швеция), Доха (Катар), Токио (Жапония), Чэнду (Қытай), Брисбен (Аустралия), Линц (Австрия), Магдебург (Германия) қалаларында ұйымдастырылған. Астана ТМД елдері ішінде дәл осындай ауқымдағы жарысты өткізетін бірінші қала болмақ.

"World Tour Grand Finals" сайысының трансляциясы әлемнің 122 еліне тарайды. Жалпы 122 елден 800 миллион көрермен Астанадағы сайысты тамашалай алады. Жүлде қоры - 1 миллион АҚШ доллары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети