Зарина Диас әлемдегі ең үздік 60 теннисші қыздың тізіміне ілікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Диас әлемдегі ең үздік 60 теннисші қыздың тізіміне ілікті

Теннисші аруымыз Зарина Диас бірінші рет әлемдегі ең үздік TOP-60 тізіміне ілікті, - деп жазады Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теннисші аруымыз Зарина Диас бірінші рет әлемдегі ең үздік TOP-60 тізіміне ілікті, - деп жазады Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингі жаңартылған соң мәлім болды. Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Зарина Диас Уимблдон турнирінің төртінші айналымына дейін жеткен болатын.

Қазір біздің теннисші қызымыз осы рейтингте 53-орынды иеленіп тұр. Бұған дейінгі оның ең жоғары жетістігі 70-орын болатын.

Осы ретте айта кетейік, Ярослава Шведова жаңа рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы болып қалды. Ол әзірше 52-орында тұр. "Уимблдонда" Шведова да төртінші айналымға дейін жеткен-ді.

Ал Галина Воскобоева болса, жаңартылған рейтингте 107-орынға сырғыды.

Уимблдон додасының қорытындысы бойынша ерлер арасындағы Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) да рейтингі қайта түзілді. Онда ағылшын додасының үшінші айналымына дейін жеткен қазақстандық Михаил Кукушкин 52-орынға көтерілді.

Ал Андрей Голубев өз кезегінде 61-орынға орналасты. Енді бір қазақстандық теннисші, яғни Александр Недовесов 101-орынға тұрақтады.

WTA және ATP рейтингтеріндегі өзгерістерді толықтай Vesti.kz сайтынан оқи аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Зарина Диас WTA TOP-100 тізіміне алғаш рет 2014 жылы наурыз айында іліккен. Онда ол 95-орынға орналасқан болатын. Бұдан кейін үлкен теннис турнирлерінде нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, 86-орынға, одан соң 70-орынға жоғарылаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети