29 мамыр 2015 | 16:32

Зарина Диас әлемнің 93-ракеткасынан жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші Зарина Диас әлемнің 93-ракеткасынан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алаш айнасы" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық теннисші Зарина Диас әлемнің 93-ракеткасынан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алаш айнасы" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, теннистен "Ролан Гаррос" (Roland Garros) турнирінде әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте 32-орында тұрған Зарина өзінен әлдеқайда төмен тұрған теннисші қыздан ұтылып қалды. Әлемнің 93-ракеткасы, Бельгия теннисшісі Алисон ван Уйтванкпен бір жарым сағатқа созылған матчта ол жеңіліс тапты.

"Зарина бұл ойынды өте жоғары қарқында бастаған еді. Бірінші сетте 6:0 есебімен үстемдік танытты. Бірақ бұдан кейін 1:6 және 4:6 есебімен ұтылып қалып, "Ролан Гаррос" турнирінің әйелдер арасындағы додасынан тыс қалды. Ал Алисон ван Уйтванк үшінші айналымда Франция теннисшісі Кристина Младеновичпен кездеседі", - делінген басылым жарияланымында.

Айта кетейік, Зарина үшін Францияның ашық чемпионаты әлі аяқталған жоқ. Енді Қазақстанның ең үздік теннисші қызы жұптасып өнер көрсету додасына қатысады. Жұптасып ойнауда Қытай қызы Сюй Ифань мен Зарина бірінші айналымда жеңіске жеткен болатын. Нақтырақ айтқанда, Зарина Диас және Сюй Ифань алғашқы айналымда Надежда Киченок (Украина) және Йоана Ралука Олару (Румыния) жұбынан 5:7, 7:6(5) және 6:4 есебімен басым түсті. Енді олар Австралия теннисшілері, апалы-сіңілі Анастасия және Арина Родионовалармен ойнайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети